Айнұр Ілиясова ерекше фотокөрменің ұйымдастырушысы атанды! Актрисаның бастамасымен, ковидпен күресте ерең еңбегімен көзге түскен әйелдердің суреттері назарға ұсынылды. «Нәзік болмысына қарамастан, қиың кезеңде қоғамның игілігі үшін аянбаған аруларды халыққа көрсеткіміз келді», - дейді өнер иесі.
Айнұр Ілиясова, ұйымдастырушы:
- «Женщины в передовой Сovid-19» деген тақырыптағы фотожоба, фотокөрме. Бұл фотокөрме астанада өткен болатын, енді Алматыға келді. Әйелдер құқығын кеңейту жобасы аясында жасалған жоба. Бұл жерде тек қана әйелдердің қосқан үлесі, әйелдердің еңбегі сол жайлы фотокөрме.
15 әйел, 15 түрлі тағдыр. Дәрігер, заңгер, журналист, әлеуметтік қызметкер, қоғам белсендісі, волонтер. Жобада көрсетілген әйелдер әр салада қызмет еткенімен, оларды ортақ мүдде байланыстырады. Ол – қиын қыстау кезеңде, қоғамдағы қиындыққа бейжай қарай алмау. Карантин кезінде дәл солай қатарда қызмет етіп, халыққа көмек көрсеткеннің бірі – тележүргізуші Адель Оразалинова.
Адель Оразалинова, тележүргізуші:
- Мен бұл жобаға қатысып, өзім емес, өзгелер туралы айтқым келді. Себебі, біздің қаламызда қиын сәтте қол ұшын созуға әзір адамдар көп. Бәріміз мелекеттен көмек сұрап, күтіп отырмай, керісінше жұмыла қиындықты еңсеруге тырыстық. Бұл бәріміздің парызымыз.
Еске салсақ, жобаға 15 әйел әлеуметтік желідегі сауалнама мен ұйымдастырушылардың ізденісі арқылы іріктелініп алынған. Ал БҰҰ-ның Халық қоныстану қорының бастамасымен өткізілген бұл фотокөрмеге келген өнер өкілдері де көп болды.
Kaliya, әнші:
- Волонтерлік деген не? Ол разовый акция емес. Бір рет келіп, бір рет көмектесетін. Ол өмірдегі стиль жизни дейді ғой, өмірдегі ұстанымыңыз болуы керек.
Фотокөрмедегі суреттер болашақта метро, сауда орталықтары сынды қоғамдық орындарда көпшілік назарына ұсынылмақ.