Тағы бір отандасымыз «Голос Украина» музыкалық жобасында топ жарды.
ТМД-ға кеңінен танымал вокал сайысында Диляра Дидарқызы есімді әнші алғашқы тыңдалымнан сүрінбей өтті. Алайда, өнер иесі бұл жетістікке жету оңай болмағанын айтады.
Диляра Дидарқызы, әнші:
- Өте қиын күн болды. Жалпы сол төртінші күні ешкімге қарамай жатты. Бәрі шығады күшті айтады. Бірақ ешкімге қарамай жатты. Мен сценаға шығатын алдында бір жыладым сахнада бір жыладым. Закулисье тағы да жыладым. Өте сондай әсерлі күн болды.
Диляра соңғы болып өнер көрсеткеніне қарамастан, Олег Винниктің командасына мүше болды. Тіпті, өзге тәлімгерлер құрам жинап алғандарын айтып, эфир барысында өкініштерін жасыра алмаған. Дилярада соңғы мүмкіндік украиналық музыкант әрі композитор Олегтің көңілінен шығу болған.
Диляра Дидарқызы, әнші:
- Менің наставнигім Олег Винник өте керемет адам. Дайындықтар барысында көп кеңес айтады. Маған жәй ғана өлең айтуды емес, жүрекпен айтуды үйретеді. Ол әрдайым айтады: «Мы на сцене должны творить любовь, когды ты будешь петь зрителей должны тебе поверить».
Диляра «Голос Украинада» бақ сынауға, былтыр қатысқан Ерлан Байбазаров пен Инди Еділбаеваның жетістігі себеп болды дейді. Еске салсақ, қос отандасымыз 2020-шы жылы дәл осы жобаның суперфиналистері атанған болатын.
Диляра Дидарқызы, әнші:
- Индира мен Ерланға мен жанкүйер болдым. Сөйтіп өзімді сынап көрдім. Өте аламын ба, өте алмаймын ба. Менде сондай дәрежеге жетемін бе екен деген ойлар туды да, сүйтіп мен заявканы толтырып сүйтіп жібердім.
24 жастағы әнші аруға алғашқы тур алдында Ерлан мен Инди өз кезегінде қолдау білдірген еді.
Диляра Дидарқызы енді осы жексенбіде «Голос Украины» шоуының 2-ші кезеңінде өнер көрсетеді. Еске салсақ, музыкалық жобаға Сәуле Жұмабекова мен Александар Лим есімді отандастарымыз да қатысып жатыр.