Бүгінде тикток жастар арасында ғана емес, аға буын өкілдері арасында да аса танымал. Аталмыш платформа қолданысқа енгелі әлеуметтік желі жұлдыздары көбейген. «Бұл платформада танымал боп ояну да, оқырман жинау да оңай»,- дейді «Ринголық» Аян Бірбаев..
Аян Бірбаев, «RINGO» тобының әншісі:
- Карантин кезінде өте көп уақытым, кәдімгі күнделікті күніне 10 тикток түсіріп тастайтынмын. Таңға дейін отырып оны монтаждайтынмын күшті қылып. Сол арқылы мен екі айдың ішінде 50 мыңнан астам оқырмандар жинап алдым да, неғұрлым сен көп контент жасай берсең, соғұрлым тез қаралым жинайсың және де оқырмандар санын жинайсың.
Аталмыш желі арқылы танылған Дарикорн болса, ректен түспеу үшін жолдасы Дарханмен бірге отбасылық контент ұсынып жүр. Жас жанұя: «Әр желінің өз жұлдызы болғанның еш айыбы жоқ, бастысы мүмкіндікті кез келген адам пайдалана білсе болғаны»,- дейді.
Дархан мен Daricorn, жұлдызды жұп:
- Өте дұрыс әркімге мүмкіншілік беріп жатыр деп ойлаймыз. Мысалы жас балалар шығып жатыр, өздерінің өнерлерін көрсетіп жатыр деген сияқты. Мүмкіншілік әрдайым болу керек, егер тикток беріп тұратын болса, басында инстаграм берді. Ал қазір тикток шығып жатса, мүмкіншілікті жастарға пайдаланып қалыңыздар дейміз.
Ақбота Нұр да Дарханның кеңесіне құлақ түріп, Тиктокта барынша белсенді болуды шешкен. Желі жұлдыздарының пайда болуы, әншіні аздап ойландырса керек. Өнерпаз бұл платформаны жетік меңгермегендіктен, қосымшаны пайдалануда құрбыларынан көмек сұрайды екен.
Ақбота-Нұр, әнші, актриса:
- Енді енді қолға алып жатырмын, өз басым ондай қызығушылығым жоқ тиктокқа, енді құрбыларым, өзімнің директорым бар Даяна есімді қыз, ол күнделікті маған арнайы тикток түсір, мынадай түсір, мынау трендте, қазір мынау модада емес деп маған жіберіп тұрады.