Той-томалақтың шектелуі қарапайым халықтан бұрын, нәпақасын қазақтың қазынасынан табатын өнер өкілдеріне қиындық тудырғаны рас. Алайда карантинге қарамай, заңға бағынбайтындар да жоқ емес. Мәселен, әзілкеш Нұрболхан Шарапов көппен бірге «тығылып» тойлатып жүргенін мойындайды. Асаба әрі шоумен: «Барлығы жанбағудың амалы»,- дейді.
Нұрболхан Шарапов, асаба, әзілкеш:
- Той ашылса да ашылмаса да болып жатыр ғой. Кішігірім болмаса да 200-300 адамдық тойлар болып жатыр. Оған барып та жүрміз. Егер менен сұраймын десе, келсін айтып берем бәрін. Жоқ, ұсталып қалам деп қорықпаймын мен.
Нагимуша да қуанышын жасырын атап өткендердің бірі. Актриса әрі вайнер үйлену салтанатын ұйымдастырғаны үшін тіпті құзырлы органдардан ескерту алған.
Нағима Настевич, вайнер:
- Жалпы бізде аз адам болды, бір 20 шақты. Біз оны далада істедік. Бірақ бізге хабарласқан еді, бірнеше рет айтқан еді: «байқаңыздар, қарап жүрміз, өйткені қазір заң бәріне ортақ. Кім болсаңыз да, не болсаңыздар да заң бәріне ортақ, өйткені оны сақтап біліңіздер, біз сіздерге қарап жүрміз», - деп звондаған еді. Содан, менің ойымша, ол дұрыс негізі.
Ал Мәдина Сәдуақасоваға ақшадан бұрын, жақындарының қауіпсіздігі маңызды. Өнер иесі: «Карантин аяқталмай, думандату орынсыз, заңға бағынбасақ, індетпен күресуіміз бекер», - деп түйді.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
- Жалпы Қазақстандағы заң бойынша, бізде ешқандай рұқсат жоқ әлі концертті де өткізу, тойды да өткізу әлі ешқандай рұқсат жоқ. Сондықтан менің заказдарда отыратын, телефонда отыратын көмекшім алмайды әзірше. Қалай заң шығады, әрине бізде очередьте дейді ғой.
Мәдинаны Санжар Мәди де қолдайтынын айтады. Алайда актер жақындармен еш уайымсыз бас қосып, қуанышты күндер үшін тілек айта алатын уақытты күтіп жүр.
Санжар Мәди, актер:
– Тойсыз, онда айтылатын игі тілексіз қазақты елестету мүмкін еместей көрінетін. Меніңше ол, Марвел сынды фантастика.