Отандық киногерлер Квентин Тарантино фильмінің референсін ұсынбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көптен бері кинодан көрінбей кеткен Дәурен Серғазин үлкен экрандарға қайта оралмақ. Актер бүгінде «Однажды в отеле» атты комедияда басты рөлге түсіп жатыр. Алайда Дәурен карантин кесірінен гонорарын түсіруге тура келгенін айтады.
Дәурен Серғазин, актер:

- Көптің ішінді бізде бармыз ғой, әрине әсер етеді. Түсірілімдер азаяды. Баға жағы да түсуі мүмкін. Бірақ енді ең бастысы бір орында тұрып қалған жоқ, өнер дамып жатыр, кинолар түсіріліп жатыр. Жаман болсын, жақсы болсын, өнер бір орында тұрмауы керек.

Дәурен бұл жобада сценаристің рөлін сомдайды. Сюжет желісі бойынша ол отель жайлы фильм таспалау үшін портье болып жұмысқа орналасады.

Дәурен Серғазин, актер:

- Міндетті түрде бірінші орында сценарий. Қаншалықты қызықты, қаншалықты айтары бар, қаншалықты халыққа берер ойы бар. Екіншіден образ, менің образым маған қызықты ма, мен ойнайтындай қызық жері бар ма, бұрын ұқсас образ ба, ұқсас образ емес па. Сол жағына қарап, егер ұнап жатса кейін барып режиссері кім, проект қандай.

Туындыда сондай-ақ, Жан Байжанбаев пен Мадина Оспановада басты рөлдерде. Еске салсақ, Мадина бұған дейін Төреғалидің «Ұлы дала баласы» фильмінде бой көрсеткен еді.

Мадина Оспанова, актриса:

- Кастинг ештеңе өткен жоқпын, арнайы шақырту болды деп те айта аламын. Өзім рөлім туралы айтатын болсам, ресепшнда тұратын қызбын. Отельдің лицосымын. Жалпы оқиға қызықты, қызықты туынды шығады деп үміттенемін.

Түсірілім жұмыстары қызған комедия Квентин Тарантиноның 1995 жылы жарық көрген «Четыре комнаты» фильмінің референсі саналады. Лента продюсері – Тимур Бақтыбаев. Бұл киногердің карантин кезінде таспалаған екінші туындысы. Осыған дейін ол «Любовь на миллион» және «Папа по-неволе» толықметрлерін жарыққа шығарған еді.

Тимур Бақтыбаев, продюсер:

- Екі кином да осы карантиннің кезінде шықты. Енді тәуекелке барып, осы киномызды шығарып, жаман емес Аллаға шүкір, екі кином да өзін ақтады. Азғантай ақша табыс таптық. Енді сол азғантай тапқанымен үшінші киномызға қайтадан салып, түсіріп жатырмыз. Қорқыныш жоқ.

Ал дәл осы «Однажды в отеле» фильмін Тимур мамыр айында прокатқа бермек. Продюсер карантиннің қатал талабы мен кинотеатрлардың тек 30 пайызға жұмыс істеп тұрғанына да қарамақ емес.