Баян Алагөзова сұлулық сырымен бөлісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шоу-бизнестің сұлулары қашанда мінсіз мүсінімен сахнада жарқырап, көрерменін таңдай қақтырғысы келетіні сөзсіз. Бірақ бұл қағида Дариға Бадықоваға қатысты емес. Актрисаның өзі: «Ел тек арық әртістерді ұнатады, деген стереотипті жою керек. Себебі мені жұрт осы қалпымда жақсы көреді», - дейді.

Дариға Бадықова, актриса:

– Менің көрермендерім ондай нәрсені сұрамайды менен. Көрермен сұлулықты сүйеді деп айта алмаймын. Өйткені менің өзімнің кинодағы имиджым осындай, менің типажым.

Нәзік жандылар ғана емес, өнер әлеміндегі ер азаматтар да диетамен дос болып шықты. Мәселен, Арман Қоңырбай мүсінін спорт арқылы баланста ұстап отырады екен. «Мен тез салмақ қосатындардың қатарынанмын. Сол үшін, залдан шықпауға тырысамын», - дейді ол.

Арман Қоңырбай, әнші:

– Өз өміріме қалыптасты спорт. Бір бөлшегі сияқты. «Спорт это образ жизни», - дейді ғой. Кәдімгідей образ жизни. Бос уақытымда, аптасына жоқ дегенде 3 рет спортқа арнаймын. Спорттың түрлері де көп шұғылданатын. Қазір күрес, футбол, залға барамын.

Ал Баян Алагөзова болса, өздеріне қарамайтын әйелдерді мүлдем түсінбеймін дейді. Продюсердің пікірінше, арулар тамаққа талғампаз болуы керек екен.

Баян Алагөзова, продюсер:

– Негізі әйелдердің психологиясы өте қызық. Олар белгілі бір мереке қарсаңында ғана арықтауға тырысады. Сондай нәзік жандыларға айтарым: қай кезде де, сұлу болып жүруге талпыныңыздар! Не болса соны жемеңіздер, аз тамақтаныңыздар.

Осы уақытқа дейін диета ұстап көрмегенін айтқан, Баян ханымның мінсіз мүсінінің құпиясы асты мөлшермен тұтыну және де спорт екен. Кеңес сұрағандарға продюсердің айтар жауабы осы.