Әйгілі «Billboard» чартының көшін бұл аптада Оливия Изабель Родриго «Drivers License» трегімен бастады. Небәрі 17 жастағы америкалық әнші жыл басында дебют алып, бірден трендке шығып отыр.
Еске салсақ, поп-орындаушы «Disney+» каналындағы «Пейдж пен Фрэнки» телехикаясы арқылы көпке танымал. Бойжеткен енді Эминеммен бірге жұмыс істеген «Interscope Records» лейблымен келісімшартқа отырып, өзін музыка саласында да байқап жүр.
«Billboard» чартында екінші сатыда 24kGoldn. Жас рэпердің «Mood» композициясы да жарық көре сала, бірден хитке айналаған еді. Еске салсақ, музыкант аталмыш туындыны Iann Dior-мен бірігіп орындаған. Қос өнерпаздардың аталмыш коллаборациясы «youtube» платформасында 142 млн-нан аса қаралым жинаған.
Үздік үштікті Арина Гранде «Positions» әнімен түйіндейді! Көптің құлаққабынан түспеген Гранденің бұл трегі оның алтыншы жинағына енген болатын. Поп-патшайымы атанған Ариана соңғы уақытта АҚШ ғана емес, Ұлыбритания, Канада және Норвегия елдерінің музыкалық чарттарында топ жаруда.