Блогерлер вайн түсіріп жүрген әртістерді бәсекелес санай ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

3 млн аса фолловермен Zheka Fatbelly қазнет блогерлерінің көшін бастап тұр. Кезінде күлкілі вайн таспалап, көптің көңілінен шыққан Жеңіс бүгінде білікті бизнесмен, талантты музыкант ретінде де елге танымал. Алайда вайндары арқылы жетістікке жеткен Zheka әнші, актерларды өзіне бәсекелес санамайды екен.

Zheka Fatbelly, блогер:

- Әркімнің өзінің орны бар. Әркімнің өз өміріне бөлінген бір дүниесі бар, ақшасы табатын табысы жаңағы танымалдылығы өзіне бөлінген және де менің біреуден озғаным емес, или біреудің біреуден қалғаны емес. Ол әркімнің өзінің жұмысы ол күнделікті өзінің өмірі.

Танымал беташаршы Қабдол Тілеков: «Әртістер қауымының блогерлікке бет бұруына карантин әсер етті», - дейді. Айтуынша, өнер адамдары мен вайнерлердің мақсаты ортақ – халықтың көңілін көтеру.

Қабдол Тілеков, беташарист:

- Бұл жерде кім еңбектенеді, солардың бағы жанып жатыр ғой. Қазір енді халық үйде болғандықтан инстаграмда, көбінесе барлық инстаграмда отырады. Инстаграмнан кімдерді көреді, блогерларды көреді, ал блогерлар соған байланысты жақсы жұмыс жасап жатыр деп ойлаймын.

Дарикорн мен Дархан да сұраныстағы блогерлер қатарында. Желі жұлдыздарына шоу-бизнес өкілдері тарапынан ортақ контент жасайық деген ұсыныс жиі түсіп тұрады екен. Мәселен, жақында ғана екеуі Серік Ибрагимов пен 2Rar-дың бейнебаяндарында төбе көрсеткен-ді.

Дархан & Дарикорн, жұлдызды жұп:

- Егер де әншілер мысалы ағаларымыз, Серік ағанікіне өткенде түстік дегендей ғой. Сол кезде түскен кезде бір пайдамыз түскенде тиіп жатса, неге түспеске оларға. Бізде жаңағы инстаграм желісінде былайынан кішігірім жарнамалаймыз оларды. Олар да бізді клипінде жарнамалайды. Бір жақсы нәрсе ғой.

Блогерлер мен вайнерлер ғаламтордың мүмкіндігі шексіз, қолдану аясы кең – бәрімізге жетеді деп тарқасты.