Карантинге қарамастан, шетелде демалып жатқан кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантинге қарамастан, қыстың суығынан қашып, ыстық жаққа демалуға аттанған танымалдар жетерлік. Мәселен, бүгінде Ақбота-Нұр Біріккен Араб Әмірлігінде уақытын көңілді өткізуде. Актриса бұл жолы балаларын елде қалдырып, құрбысымен бірге Дубайда демалуды жөн санапты.

Гүлназ Жоланова да саяхатта құрбысын серік еткен. Актрисаның таңдауы Мысырға түсіпті. Сылқым бүгінде купальниктегі суреттерін желіге жүктеп, сапарының сәтті өтіп жатқанын оқырмандарына аңғартуда.

Биылғы қыста Қызыл теңізге түсіп, пирамидалар елінің тарихына үңілгісі келгендердің арасында Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова да бар. Алайда әнші бір аптадан соң елге қайтса, есесіне жары Жұлдыз болса, отанына оралуға асықпады. Жуырда ғана «Әлем ханымы» атанған ол демалыстың соңғы күнін әдемі фотосессияға арнап, Клеопатра образында оқырмандарын сұлулығымен тамсандырды.

Көп ұзамай, теңіздің жағалауында суретке түскендер қатары Құралай Анарбековамен толығып қалу әбден мүмкін. Алайда, бикеш әзірге құрбыларының мұндай фотоларына қызыға қараудан басқа амалы жоқ.

Құралай Анарбекова, актриса:

- Уақыт көрсетеді бірақ нақты айта алмаймын нақты осындай жоспар бар деп. Қорқыныш жоқ, әрине енді адамдар құрбыларымыз сағынған шығар.

Еске салсақ, желі жұлдыздары Дархан мен Дарикорн да Біріккен Араб Әмірлігінде демалып келдіген еді. Жас отбасы бал айын Дубайда өткізген еді.

Қазіргі таңда отандық өнер өкілдерінің Дубай мен Шарм-эль-Шейхтың жағажайын жағалауы бекер емес. Себебі, әзірге бірқатар елдің карантинге байланысты туристерге есігі жабық болып тұр.