Жахан мен Балжан әрдайым позитивті болудың құпиясымен бөлісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде әлеуметтік желіде қызықты видеоларымен жұртты күлкіге қарық қылып жүрген бұл жұптың махаббатына көңілді вайндары себеп. Балжан Жаханның бойындағы позитивті ұнатса, актер жарының әзілге жақындығына тәнті. Сондықтан да олар: «Бақытты болу тікелей екі жасқа байланысты», - деген пікірде.

Жахан мен Балжан, жұлдызды отбасы:

- Жалпы негізі көтеріңкі көңіл-күйде жүру үшін адам өзін оған күнде жатарда дайындау керек. Ертең менің күнім тамаша өтеді деп. Негізі проблема деген бітпейді ғой. Әрнәрсені жеңіл қабылдау керек та, жеңіл оймен да. Проблема қумай.

Мейіржан Түребаевтың да отбасындағы басты қағида – позитив. Актер айналасындағылардың көңілсіз жүргенін ұнатпайды екен.

Мейіржан Түребаев, актер:

- Менде бар ол күлдіретін жерде күлдіремін, позитивте жүремін. Біздерде болмайды ондай тишина үйде, балалар айқайлайды, ойнаймыз, бір жерге барамыз, Дана бірдеңе шығарады. Мен бірдеңе шығарамын. Төбелесіп қаламыз, опять подружимся.

Ал Жарқынай Ханайым жары Айдар Асқарбек: «Ер адам сабырлы болғаны абзал», - деген пікірде. Десе де, жұлдызды жанұяның «позитивті болуға» қатысты өз әдісі бар.

Айдар мен Жарқынай, жұлдызды отбасы:

- Негізі бізде Жарқынай көңілді жүреді. Енді еркек болғаннан кейін ба кішкене ұстанымым деген позитивтімін, бірақ дегенмен эмоциямды ұстап жүремін. Көңіл-күйімізді көтеру үшін кейде бірге шығып, қыдырып қайтатын кездеріміз болады.