«Жолдың» бұл жолғы бөлімі Отандық дарынды дизайнерлер, фотографтар мен сәнбикелерге арналмақ.
Лента – Бота Бақытжан есімді стилистен басталады. Ол «BIBOTTA» брендінің негізін қалап, 91-лік жігіттердің сахналық образдарын жасауға ат салысқан. Қала берді, «Kazakhstan Fashion week», «Mersedes-benz Fashion week» сән апталықтарына қатысқан. Биботтаның өзі: «Бұл мен таңдаған қызық та, қиын жол. Бұл қасиет әжемнен дарыған мұра», - дейді.
Келесі кейіпкер еліміздің 13 қаласында, сонымен қатар көршілес Ресейде де кәсібін қалыптастыра алған, Отандық озық бизнесмендердің бірі, «Forbes 30 Under 30 Kazakhstan» тізімінің көшбасшысы, «Shoqan», «TUMAR», «МЕЛ» сынды брендтердің негізін қалаушы– Ұлықбек Шәріповпен жалғасады. «Бүгінгі жетістігімнің бәрі табандылық пен еңбектің арқасы»,-дейді Ұлықбек.
Фильм: халықаралық модель, «Dolce & Gabbana» көрсетіліміндегі алғашқы қазақ – Баян Бокишевамен жалғасады. Баян 600-ге жуық сән журналында төбе көрсеткен, оның ішінде: «Voque», «Marie claire l official», «Harper s bazaar», «Cosmopolitan» басылымдары бар.
Fashion art стиліндегі фотограф – Данияр Сарсеев келесі кейіпкер. Ол «ОКО studio» компаниясының негізін қалап, «ELLE» журналы ұйымдастырған сайыста «Үздік фотограф» номинациясын жеңіп алған. Қала берді, «Mersedes-benz Fashion week»-та оны «Үздік сәнді фотографтар» қатарына қосқан.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Jol» деректі фильмін «НТК» арнасының көрермені әр сенбі, сағат 17:30-да тамашалай алады.