Жұлдыз Абдукаримова «Әлем ханымы» атануы мүмкін!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Әлем ханымы» байқауы Жұлдыз Абдукаримованың қатысып жатқан алғашқы сұлулық додасы. 32 жасында қыз күніндегі арманын орындауға бекінген актриса: «Нағыз қазақ қызының болмысын көрсетіп қана қоймай, жеңімпаз атануға ниеттімін», - дейді

Жұлдыз Абдукаримова, актриса:

- Бұл байқауға тоқталатын болсақ, әлемдік деңгейде өтіп жатқан, бұл жерде тек сыртқы сұлулықты ғана емес, ақыл-ойдың, қазақ қыздарының болмысын көрсететін байқау болғандықтан мен барымды да, нарымды да салудамын, міндетті түрде мен қазақ қыздарының намысын қорғаймын деген үміттемін, сенімдемін.

4 баланың анасы: «Халықаралық байқауға қатысатын адамның бойында талантынан бұрын, патриоттық сезімі биік болуы тиіс», - деген пікірде.

Жұлдыз Абдукаримова, актриса:

- Нағыз «миссис» атағына лайық әйелдің бойында ең алдымен өзінің отанын таныстырып жатқандықтан патриоттық сезім болу керек, аналық мейірім, әйелдің нәзіктілігі болу керек. Міне, осы қасиеттерді ұштастыра білген мен өзіме және өзімнің отандастарыма сенімдімін.

Байқаудағы қатысушыларға дауыс беру желтоқсанның 1-нен басталған. Қайрат Нұртастың жары: «Мені қолдауға ниет еткен әрбір жан маған күш беріп, сенімділік сыйлайды», - деп отыр.

Жұлдыз Абдукаримова, актриса:

- Онлайн болғандықтан кейбір адамдар қалай дауыс беретінін түсінбей жатыр. Кейде сайт жасамай қалып жатады, кейде сайтқа кірушілерджің саны тым көп болған кезінде де сайт қатып қалып жатады. Осындай тұстар ғана ыңғайсыздық тудыртып жатыр.

Еске салсақ, аталмыш байқауда өткен жылы журналист Арай Әлімхан бақ сынаған еді. Арай көптің ішінен суырылып, «Мінсіз әйел» атанды. Сондай-ақ, 2011 жылы танымал тележүргізуші, көпбалалы ана Гүлнәз Әлімгерей де Сеулде өткен «Әлем ханымы» додасында ел намысын қорғады. Ал 2008 жылы бұл сайысқа тележүргізуші Динара Сәтжан қатысқан болатын.