Виктория Бекхэм жұлдызды жары – Дэвид Бекхемнің сәнді киінгенін қалайды. Тіпті, соңғы күндері соны талап етіп жүр. Экс-футболшы соңғы кездері қолына ілінгенді үстіне іліп кете беретінді шығарған. Ал бұл қылық дизайнер Викторияға ұнамайтын көрінеді. Сылқым тіпті бұл жәйтті соңғы сұқбаттарында бұқпасыз айтып жүр. Ал Дэвидтың өзі болса, бұл жағдайға ашулы. Инстаграмына салған соңғы постында: «Қарада тұр, тағы ғашық қыламын», - деп жазған.
Леонардо ДиКаприо қарашада да күнге қыздырынғанды жақсы көреді екен. Актер күні кеше АҚШ-тық папарацци көзіне, Малибу аралында түсіп қалған. Достары және сүйіктісі Камилла Морронемен мұхит жағасында серуен құрған олардың түрлеріне қарап, қара суықтың өңмендерінен өтпегенін байқауға болады. Леоның өзі салқын ауа-райына қарамастан жеңіл киініп алған.
Анджелина Джоли мен Бред Питт балаларын ұрлап кетеді деп қорқады екен! Бұл жайлы жұлдызды жұптың күзет қызметінде 18 ай істеген Марк Биллингем айтып берді. Энджидың үрейленетіні сонша, тіпті түнде екі-үш рет балаларының бөлмесін тексеріп кететін көрінеді. «Джоли мен Питтың тайм-менеджменттері мені таңғалдыратын. Олар барлығына уақыт табады. Олардан үйренгенім көп болды», - дейді Марк.