Өнер саласына қатаң цензура керек! Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Жұбаныш Жексенұлы дәл осындай бастама көтерді.
Майталман әртісті қазіргі таңда жас әншілердің мүлдем қараусыз кеткені қынжылтады.
Жұбаныш Жексенұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Кезінде мысалы Кеңес Одағы кезінде көркемдік кеңес деген ұйымдар өте жақсы жұмыс істеді, цензура болды, ұят деген, мынау болмайды, мынандай сөз қосылса ұят болады деген сияқты тоқтатулар шектеулер болатын. Қазір ондай шектеу болмағаннан кейін әрине, қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді ғой.
Бүгінде жастар арасында кеңінен танылған Кисло-Сладкий және Bonah әрбір трегіне боғауыз сөз қосуды әдетке айналдырған-ды. Қос рэпер тіпті дәл осындай тректерімен трендтен түспей келеді. Одан өзге, Ирина Кайратовна, Hiro, Асха Принц та балағат сөздерді жиі қолданады. Хип-хоп орындаушылардың мұнысына әнші Кенталдың өз айтары бар.
KENTAL, әнші:
- Сөзіңізге ие болыңыздар! Мысалы сөз жазған кезде, қыздарға арнайсыңдар ғой сол әндерді кішкене байқап сөйлеңіздер, себебі ол біраудің болашақ жары, біраудің қызы, біреудің әпкесі. Сондықтан сіз қазір өз әндеріңмен жас балаларды тәрбилеп отырсыздар. Сондықтан байқап әдемі сөздерді жазыңыздар.
Алайда, ән мәтінін жіті қадағалау дұрыс емес дегендер де табылды. Мәселен, жас әнші 2RAR өнерде ешқандай шектеу болмауы керек деп отыр.
2RAR, музыкант:
- Белгілі бір, рамкалерге қоймау керек та творчествада. Жаңағыдай, әннің текстіне заң жүзінде қадағалайтын болса әннің текстін. Қатты кірісіп кетпесе болғаны сол нәрсеге әрбір сөзге тиісіп не істеп, заң жүзінде деп, сол маңызды.
Десе де, 2RAR-дың репертуарында боқауыз сөздер мүлдем кездеспейді.