Наталия Сац атындағы балалар мен жаспөспірімдер театрында мереке!
Тарихы тереңнен бастау алатын өнер ордасы ұзаққа созылған карантиннен кейін алғаш рет шымылдығын түрді.
Театр маусымын «Қар барысының хикаясы» атты қойылым ашты. Еске салсақ, бұл еліміздегі ең алғашқы экоспектакль. Аталмыш жоба
Халқаралық Қар Барысы күніне орай көрерменге ұсынылып отыр.
Еске салсақ, қар барысы – жылдан жылға азайып бара жатқан мысық тұқымдас бірегей жыртқыш. Жануар Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне енген. Режиссер Еслям Нұртазин: «Дәл осы қойылым арқылы бүлдіршіндерге бұл тақырыптың өзектілігін түсіндіргіміз келді», - дейді.
Еслям Нұртазин, қоюшы режиссер:
– Кішкентай балаларымыз осындай қойылымдарға келе отырып, браконьерлікке, қасымыздағы ортаға, табиғатымызды аялап, қорғау керек екенімізді білуіміз керек. Осындай кішкентай кезінін осыны көріп өсетін болса, мен ойлаймын 20 жылдан кейін, 10 жылдан кейін оның бір өзінің қайыры болады. Балалар осыны естігеннен кейін, көргеннен кейін осындай бұзақылыққа бармайды деп үміттенем.
Экологиялық тақырыпты көтерген туындының идея авторы: актер әрі ҚР Қоғам қайраткері - Евгений Дубровик. Спектакльды әзірлеп шығару үшін күллі театр ұжымына жарты жылдам астам уақыт жұмсаған.
Никита Коньшин, театр актеры:
- Рөлге кіріспес бұрын қар барысы туралы кеңінен зерттедік. Оның жүріс-тұрысы, дауысы, әрбір қимылын бақыладық. Теледидардан ол туралы бағдарламалар көрдік. Кейіпкеріміздің барынша шынайы шыққанын қаладық.
Ал тұсауы кесілген су жаңа спектакль болашақта да кішкентай көрермендердің назарына ұсынылатын болады!