Соңғы уақытта Канье мен Кардашьян сынды отбасылық өмірін хайпқа айналдырғысы келгендер көбеюде. Мәселен, танымал жұп Тимати мен Анастасия Решетованың ажырасқаны көпті ойландырмай қоймады. Сәнбике рэпермен құрған отауы ойран болғанын бірінші болып желіде жариялаған еді. Алайда не себепті екенін ашып айтқан жоқ.
Шаңырағы шайқалған Тиматидің көңілінің түспегені көпті күдіктендіргені тағы бар. Тіпті: «ғашықтарды ажыраспаған, бұл тек пиар», - деп топшылағандар да табылды. Себебі, «Black star» ұжымынан кеткен Юнусовтың осы оқиғадан соң, табысы еселене түскендей. Әншінің «El Problema» трегі 6 күннің ішінде 19 млн жуық қаралым жинап үлгерсе, Orchid компаниясы Тимурға лейблдағы 15 жылдық еңбегі үшін 1,5 млн. доллар төлеген.
Отандық жұлдыздар арасында да отбасындағы оқиғаларымен өзіне назар аудартпақ болғандар бар. Арман Қоңырбаев пен Аша Матай осыдан бір жыл бұрын жаңа бейнебаянының тұсаукесері алдында уақытша ат құйрығын үзіскен-ді.
Арман Қоңырбаев, әнші
- Біз әдейі ештеңке жасамаймыз. Бұл хайп та әдейі болған жоқ. Аяқ-астынан шығып кеткен хайп. Солай болып қалды, енді хайп бола берсін. Енді болашақта ойндай хайп болмайтын шығар деп ойламйн. Өйткені ондай хайпты біз қуалаған адам емеспіз, өйткені жеткілікті екеумізге де хайп, Аша өзінің хайпы жетеді.
Ойыннан өрт шықты ма, әйтеуір жұптың бүгінде бірге екеніне көптің күмәні бар. Бұл ойға жыл басында Ашаның баласының қырқынан шығару тойын өз үйінде емес, төркінінде жасауы түрткі болды. Одан кейін Аша Қоңырбаевтар әулетінен көрінген жоқ.
Жұмған аузын ашпауды ұйғарса да, Матай мен Қоңырбаевтың инстаграм парақшаларынан бір-бірінің суреттерін өшіруі көп күдігін үдете түскендей. Бәлкім, бұрындары Арманның өзі айтқандай, ыдыс-аяқ сылдыры әлі де тоқтамаған болар...
Арман мен Аша, жұлдызды жұп:
- Енді семья болғаннан кейін әр түрлі жағдайлар болып тұрады. Ұрыс та болып тұрады, әр семья секілді. Бірақ, біз әзірше оның бәрін жеңіп шығып жатырмыз.