Санжар Мәди - тың туынды үшін қашанда өзгеріске дайын, үнемі ізденіс үстінде жүретін актер. Өткен жылы Әділхан Ержановтың «Бой Атбая» картинасында салмақ қосып, шашын өсірген де еді. Киногер: «образға бола кез-келген кейіпке енуге әзірмін, ештеңеден қорықпаймын»,- дейді.
Санжар Мәди, актер:
-Өзімнің ұзын шашыма тағы шаш жалғады. Оның өзі уақытты алатын, аздап жағымсыз екен. Сырт пішіміме келер болсам, алдымен салмақ тастап, сосын арнайы диета және жаттығулар арқылы қайта қостым. Ал денедегі татуировакаларды қынамен 10 сағаттай боядық.
Еркебұлан Дайыров та жақсы рөл ұсынса, иммиджын түбегейлі өзгертуден тайсалмақ емес. Еске салсақ, актерға «Балуан Шолақ» көркем фильмінде біраз күш жұмсауына тура келген. Қазақ палуанына барынша ұқсау үшін Дайыровқа 15 келі салмақ қосу керек болды.
Еркебұлан Дайыров, актер:
- Оның тарихы, автобиографиясы жағынан ешқандай қиындық болған жоқ, материал жетіспеушілік болған жоқ. Тек біздің көбірек күш салып жұмыс істеген жеріміз ол сыртқы болмысы, фактурасы, жаңағы салмақ, бұлшық ет. Күніне 8 рет тамақ ішу деген сияқты.
Тәуекел Мүсілім болса, Баян Мақсатқызының ұсынысымен жалаңаштануға дейін барды. «Я-пышка» картинасында актердың образын талқыламаған адам кемде-кем. Мүсілімтегі ерек образдар ұсынса, қуанатынын айтады. Сондықтан: «Алдағы уақытта жаңа кейіпкер үшін шашымды тақырласам, таң қалмаңыздар», -дейді.
Тәуекел Мүсілім, актер:
-Мен керісінше кез-келген иммиджды өзгерту керек болса, дайынмын. Арықта десе арықтаймын, тол десе толамын. Жаңағы шашыңды ал десе аламын, ондай қиыншылығы жоқ. Керісінше бұл мен үшін жаңа тәжірбие.
Ал мына суреттегі «қаңғыбас» – актер Данияр Алшынов дегенге сену қиын. Өнер иесі Әділхан Ержановтың «Коллективный иммунитет» туындысы үшін әбден жүдегені көрініп-ақ тұр. Алшыновты бұл образда келесі жылы тамашалай аламыз.