Анна Седакова ақ келін аттанғанын жалпақ жұртқа жария етті! Қуанышын желі арқылы енді ғана жеткізген әнші қыркүйектің 6-сы отау құрған көрінеді. Еске салсақ, бұл бикештің үшінші мәрте тұрмысқа шығуы. 37-жастағы экс-Вигаралық ару өзінен 9 жас кіші баскетболшы Янис Тимманың жары атанып отыр. Қос ғашық өткен жылдың қазан айынан бастап көңіл жарастырған.
Есесіне, Тимати мен Анастасияның жыры бітер емес! «Жұлдызды жанұяның ажырасуы жалған», - дейді желі оқырмандары. Себебі, екіге айырылса да, Юнусов мырза Решетованың үйін жағалап, әрдайым жанында жүргенге ұқсайды. Инстаграмдағы бірге түскен фотолары арқылы олардың уақыттарын көңілді өткізіп жүргенін байқауға болады. Тіпті, сәнбике есімінің орнына, Тиматиды әлі де еркелетіп атайтын көрінеді.
Ал Том Харди болса, «Агент 007» атанбақ! Батыстық БАҚ Джеймс Бонд кейіпкері Харди мырзаға бұйырғанын жарыса жазуда. Тіпті, фильмнің дайындық жұмыстары осы жылдың қараша айында басталуы тиіс еді. Алайда, әлемдегі ахуалға баланысты Том жаңа образына енді 2021 жылы кіріспек. Көрермен пікірінше, бұл әйгілі сиквелдың ең сәтті сериясы болуы тиіс.