Алагөзованың жиен-інісі Айдар Асқарбек тұңғышының есімін Айлана деп қойған. Актер Жарқынайдың босану сәтінде жанынан табылып, қамқорлығын аямады. Бұл жайында әншінің өзі инстагарам парақшасында мәлімдеді. Кішкентай ханшайым 3176 келі, 53 см болып туылған. Еске салсақ, жұлдызды жұп жыл басында шаңырақ көтерген болатын.
Ашық-шашық образдарымен инстаграмды шулатып жүрген Дарья Александрова тағы да қазнет қолданушыларын өзіне қаратты. Бикеш бұл жолы жүктілік кезіндегі ерек фотосессиясын ұсынды. Жолдасымен бірге жалаңаштана суретке түскен актрисаға түрлі пікір айтылуда. Бірі актрисаның қылығын оң қабылдаса, ал қалғаны шектен шыққандық деп сынауда.
Индира Еділбаева мен экс-ЮФРЕЙМ-дық Артур Асқарұлы енді жұп па? Соңғы уақытта жастар үнемі бірге тик-ток түсіріп, ғашықтарды сомдап, тіпті құшақтасып суретке тусуді жиілеткен. Әсіресе Артурдың мына жазбасы желідегілерді әбден ойландырып қойды. Алайда Индираның өнердегі әріптестері бикешті «хайпқұмар» деп атап, олардың махаббатына сенбейтінін білдіруде.