«Без крыши» комедиясы жас отбасының бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Сюжет бойынша, ерлі-зайыптылар алақтардың арбауына түсіп, баспанасынан айрылып қалады. Басты рөл – отағасы образына таңдалған Еркебұлан Мырзабек үшін бұл туынды алғашқы толықметрлі фильм.
Еркебұлан Мырзабек, актер, шоумен:
- Бұл жобаға қатысқан себебім, өзім бұрын-соңды көрмеген процессті, сырттай көрсем де. Ішінде болып, қатысып көрмегеннен кейін жаңа нәрсе ретінде қабылдап қатысуға шешім қабылдадым. Шынымен де ерекше екен.
Жаңа жобаның авторлары жас киногерлер. Фильм идеясы мен режиссерлық тізгін Ален Ниязбековқа тиесілі.
Ален Ниязбеков, режиссер:
– Көп көзіне үйренген актерларды киномызға шақырмауға тырыстық. Себебі, олардың образдары өзгергенімен, мінезі, кейпі қалып қояды. Сондықтан мүлдем жаңа кейіпкерлерді көрсеткіміз келді.
Ал үлкен киноға енді қадам басқан Еркебұланның жарын Жанель Мақажан сомдайды. Театр актрисасы соңғы жылдары толықметрлі картиналарға жиі шақырту алып жүр. Алайда, өнер иесі: «бұл жобаның мен үшін орны ерекше», - дейді.
Жанель Мақажан, актриса:
- Енді бұл фильм көп көрерменнің көкейінен жақсы орын алатын туынды болады деп ойлаймын. 04:14 Менің кейіпкерімнің есімі Меруерт. Өте сондай ашық жарқын ешбір адамға жаман ойын ба білдірмейтін адамда. Өз бетімен жүретін, өзінің нанын өзі тауып жейтін сондай арам пиғылды деп айта алмаймын.
Түсірілім жұмыстары қызу жүріп жатқан фильмде Очоу да төбе көрсетпек. Актер әсерлі кадрлар үшін итке талануға да әзір.
Ochooou, әнші, актер:
- Тез арада сөйлейін десем ентігіп тұрған жайым бар, қазір ғана міне ит қуып керемет көрініске куә болдыңыздар.
Олжас Абай лентада экстравагантты серінің образында.
Ochooou, әнші, актер:
- Құрметті «НТК» арнасының тұрақты көрермендері тағы да бір 2021-де шығатын жақсы бір кинотуынды болайын деп тұр.
Ал туынды 2021-ші жылдың ақпанынды үлкен экрандарға жол тартады деп жоспарлануда. Одан кейін көрермен лентаны НТК арнасынан тамашалай алмақ.