Ал жалпы танымалдардың тізімін, 590 миллион доллар кіріспен Кайли Дженнер бастап тұр. Сылқым бизнес әлеміне жақында келсе де, келелі табысқа кенеліп үлгергендердің бірі. Америкалық сәнбикенің басты табысы, өзінің брендті косметикаларында. Ағымдағы жылдың өзінде карантинге қарамастан Кайли, акцияларының 51 пайызын сатқан.
Екінші орынға – Канье Уэст жайғасқан. Оның жылдық табысы – 170 миллион долларды құрайды. Америкалық рэпердің қанжығасы, альбомдарынан бөлек «YEEZY» кроссовкаларының жарнамасынан түсетін қаражатпен де майланып тұр.
Үздік үштікті 106,3 миллионмен – теннисисші Роджер Федерер түйіндейді. Бұл қаражатты Роджер корттағы ойынынан емес, көбіне жарнама мен түрлі келісімшарттардың арқасында тауып отыр. Швейцариялық спортшы, бір жылдың өзінде 600 мың долларға кенелген.