Ресейдің атом электр станциясы туралы таспаланған «Чернобыль» картинасы
Bafta TV Awards-тың «үздік телехикая» мүсіншесін еншілеуі әбден мүмкін! Сериал одан бөлек 14 номинация бойынша үміткер атанып, рекорд орнатты. Бұл - марапат тарихында қатарынан оннан астам жүлдеге ұсынылған тұңғыш туынды.
«Чернобыльмен» бірге, «Тәж» телехикаясы да өз қоржынын мүсіншемен толықтыруға дайын. Тарихи туынды 7 аталым бойынша бақ сынап, «үздік» мәртебесін иемденуден үмітті. Картина көрерменнің қошаметін иемденіп үлгерген жайы бар.
Британдық кино және телевизия өнері академиясының өкілдері сондай-ақ, Джаред Харристың шеберлігін атап өтті. Өнер иесі «үздік актер» ретінде, шорт-листты бастап тұр.
Еске салсақ, кино және телевизияның үздіктерін анықтайтын Bafta TV Awards 1955 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Дәстүрлі марапат пандемия кесірінен кейінге шегеріліп, бүгінде тіпті онлайн түрде өткетіні белгілі болды. Жеңімпаздар тізімі 31 шілде тікелей эфирде анықталмақ.