Көше бойынан қысқа киіп, көлік тоқтатқан қызға кері әңгіме айтып, оны жеңіл жүрістіге теңген мына ролик, интернет қолданушыларының пікірін ортасынан бөліп, айтақ иттей таластырып қойды. Бірі «масқара, ұят» десе, енді бірі «киімде тұрған не бар?!» дейді.
Тіпті танымалдар бұл жайтқа бірден пікірлерін білдіре бастады. Мәселен инста парақшасында: «Сұрақ қояйыншы. Мектепте, не студент кезіңізде мини-юбка кидіңіз бе?» деп сауалнама жүргізген Ләйлә Сұлтанқызына әркім әртүрлі жауап берген. Тіпті аталмыш сұраққа Алуа Қонарова да өз пікірін білдірді:
Қос атақтының айтқанына Алагөзова да қосылады екен. Продюсер: «Киімге қарап адамды тани алмайсың» деген пікірде.
Баян Алагөзова, продюсер:
- Қыздар жас, әдемі кездерінде қысқа кимегенде қашан киеді? Мысалы, мен де қысқа киемін. Меніңше, адамның жақсы не жаман болуы оның көйлегінің ұзын-қысқалығына байланысты емес. Ұзын, қарапайым киініп жүріп те жаман нәрселерді істеуге болады.
Шулы роликқа пікір білдіргендердің тағы бірі – Ақмаржан Күшербаева болды. Қыздардың құқығын қорғап жүрген әнші: «бәріне нәзік жандыларды кінәлай бергенді қою керек», - деп ашып айтты. «Ертең қысқа киген қыз зорланса да, өзін кінәлаймыз ба?», - дейді Калия. Қала берді өнер өкілі қоғамдағы бір қатар проблемаларды тізіп өтті.
Ақмаржан Күшербаева, әнші:
– Қоғамдық мәселе көтерем десең, өте көп нәрсе бар айтатын. Зорлық-зомбылық туралы, басқада тасталған балалар, жалғыз басты аналар, анандай-мынандай, мүгедектердің де мәселелерін көтеруге болады. Неге сол қоғамдық мәселелердің бәрінен қысқа көйлекті таңдағаны мен үшін өкінішті.