Иван Дорн су жаңа «Wasted» бейнебаянымен тыңдарманын таңқалтты!
Еске салсақ, аталмыш клип ойдағыдай шығу үшін «Тақтар ойыны», «Дэдпул» картиналарының дизайнері Денис Щукиннің өзі ат салысқан еді. Туындыда Иван Дорнды тану қиын. Онда ол бруталды суперқаһарман сері кейпінде.
Бір-ақ «Dance Monkey» атты трегімен әлемнің назарын өзіне аудартқан Tones And I да кезекті клип ұсынады! Бойжеткен «UR SO F**KING COOL» бейнебаянында бәз-баяғыдай эпатажды образдарда. Сылқым тректе баянсыз махабат пен өмір шындығы туралы сөз қозғайды.
Трэвис Скоттың су жаңа трегі көп ұзамай ТикТоктың тренді атануы әбден мүмкін! Хип-хоп орындаушы Барселоналық сылқым Розалиамен бірлесе, су жаңа бейнебаян ұсынды.
Адуынды рэпер бұл туынды арқылы өзін жаңа қырынан көрсете білгендей. Оның үстіне бейнебаянда Трэвистің стиліне сай, қымбат автокөлік пен жалаңаштанған қыздар емес, кішкентай балақайлар төбе көрсеткен. Ал тың туынды бірнеше күннің ішінде 17 миллион қаралым жинаған.