Отандық әнші Назарбек те, Billboard тізімінен табылуға ниетті. Ол үшін музыкант мұхит асып, шетелге кетуге де дайын. Назарбек елімізде философияға толы туындыларымды бағалайтын тыңдарман жоқ, деп қынжылады.
Үнемі ізденісте жүрсе де, көгілдір экраннан көп көріне бермейтін Назарбек өзін «болмысы мен әлемі бөлек әнші» санайды. Оған себеп отандық тыңдарманның оның туындыларын түсінбеуі.
Nazzarbeck, әнші:
- Түсінген адамға «Жын ұрады» деген ән жаздым. Көбісі «Жын ұрады» деген атаудан қорықты. Бұл жерде философия, психология жатыр. Тыңдарманға айтарым, атаудан қорықпаңыздар, әнді қосып тыңдаңыздар.
Енді Назарбек өзін таныту үшін халықаралық байқауларда бақ сынауды жоспарлап қойған. Шетелдік компаниялармен композитор ретінде тығыз байланыста жүретін ол, бүгінде тіл үйренуді қолға алған.
Ал «Бұйра» тобының солисі Азат Жұмаділ енді «Жай ғана Аза» лақап атымен жеке өнер көрсетпек. Сондай-ақ, кино әлемінде бағын сынап көрген ол, актерлықты да мықтап қолға алмақ.
Азат Жұмаділ - Jay gana Aza, әнші:
- Талғамым өзгерген жоқ. Бірқалыпты, бір жанрдағы әндер. Аса қатты ештеңе өзгерген жоқ. Тек қана кейбір адамдармен жұмыс істеуді тоқтаттық. Жақында бұйыртса, бір жобаға шақырған болатын видеопробаға, сондай отрицательный рөл деп айтты.
Әнші Райм бүкіл тик-ток қолданушыларын билетіп, нағыз тренд жасады! Оның «Двигаться» атты трегіне видео таспалаған тик-токерлер күн санап артып келеді. Бүгінде 50 мыңнан аса адам ролик түсіріп үлгерген. Олардың қатарында танымал ресейлік әнші Ольга Бузова мен оның сүйіктісі, блогер Давид Манукян да бар. Еске салсақ, Раймның бұл трегі осыдан 1 жыл бұрын youtube-та жарық көрген еді.