Ол – ХХІ ғасырдың ақбозат мінген ханзадасы. Оның аты аталғанда, қыздар ақыл-естерінен айырылады. Сымбаты ғана емес, IQ де 99 пайызға жоғары жігіт – Димаш Әділет кім? Оның инстаграмда жариялап жүрген бейқам өмірінің артында не тұр? Жақында 25-ке толған серінің ата-анасы кім?
Димаш Әділет – бұл есім инстарамдағы сылқымдарға етене таныс. Шымыр денелі, аққұба, сымбатты серіге қызығушылық білдіретіндердің қарасы көп. «Немен айналысады, кімнің ақшасына өмір сүріп жүр?» бұл сұрақтарға әліге дейін толыққанды жауап жоқ. Димаш жақында ғана 25 жасқа толды! Ол меншікті мерекесін Швейцариядағы Женева қаласында атап өткен.
Ол отбасының тұңғышы. Өзінен кейін бір інісі мен қарындасы бар. Анасы Валентина Дурумбетова актриса болса, әкесі Әділет Қожабергенов кәсіпкер. Швейцарияда тұрып жатқанына 11 жыл болған ол – ағылшын, француз, орыс тілдерін жетік меңгерген. Димаштың IQ-і 99 пайыздан жоғары.
Желіде Димаштың назарын өзіне аударту үшін арулар түрлі қитұрқы әрекеттерге барады. Бірақ әзірге Әділет-тегінің жүрегін жаулаған сұлу жоқ. Ол тіпті болшақ жарының қандай болуы керегі жөнінде тізім құрып қойған. Жиырма пункттан тұратын кестеде, қыздың бойы мен аяқтары ұзын, шаштары сары, көздері көк не жасыл болуы міндетті екені айтылған.
Димаш Әділет, блогер:
- Болашақ жарым ең бірінші сабырлы болып, қашанда мені қолдап жүрсе деймін. Өзінің денсаулығын күтіп, спортпен айналысатын қыздарды ұнатамын және ұл да осы талаптарға сай болуы керек.
Сері қойған бұл талаптарға қарап, өткен жылы ол сүйіктісін кезіктірді деген қауесеттер тараған болатын. Бұған себеп, оның Динара Рахимбаевамен түскен суреттері еді. Бірақ аталмыш ақпарат расталмады.
Димаш суретке түсуден бөлек, түрлі пранктар жасауды жаны сүйеді. Әсіресе өткен жылы қыс айларының біріндегі алдау операциясы, талай арудың жүрегі жаралап үлгерді. Видеода ол Ресейлік модель Виктория Одинцоваға үйленуге ұсыныс жасайды. Бірақ кейін белгілі болғандай, бұл бар болғаны ақбозатсыз ханзаданың тиктокқа жасаған жарнамасы екен.
Швейцарияны екінші үйі санайтын Димаш, жақын күндері Отанына оралуға құлықсыз. Десе де, ол әр жазбасында туған өлкесі мен үйін сағынғанын жазып отырады.