Наурыз айында Оксана Самойлова мен Джиганның ажырасатыны жайлы әңгіме желдей ескен еді. Жұлдызды жанұяның жанкүйерлері олардың қайтадан қалыпты өмірге оралатындарына соңына дейін сенді. Бірақ Оксана өзі және балалары үшін нақты шешім шығарып қойыпты. Денис Устименко мен Самойлова сотының алғашқы отырысы 15 маусымға жоспарланған. Егер рэпер сол уақытқа дейін жарының көңілін таппаса, онда екеуі заңды түрде бөлек кетпек.
Руни Мара мен Хоакин Феникс алғаш рет ата-ана атануға дайындалып жүр. Батыстық басылым беттеріндегі ақпараттарға сүйенсек, Руни жүктіліктің алтыншы айында жүр екен. «Она» фильмінің түсірілім алаңында танысқан олардың, 2016 жылдан бері жұптары жазылмай келеді. Оскарлы Хоакинның ұл не қыз күтіп жүргені әзірге беймәлім.
Регина Тодоренко үйдегі зорлық-зомбылыққа байланысты пікір білдіремін деп, бірқатар марапаттарынан қол үзіп қалған еді. Соның ішінде «Glamour» журналы ұсынған «Жыл әйелі 2019» да бар. Регина өз еркімен бұл атақты, күйеуі үш жыл бұрын білегін шауып тастаған блогер Маргарита Грачеваға табыстады. Өз кезегінде Маргарита, Тодоренкоға рақметін айтып, бірақ бұл мүсіншенің түкке тұрмайтынын жеткізген.