Ал дәл осы «Мet gala» челленджіне қатысқан отандық блогер Данира Какимова, Ариана Гранденің өзін таң қалдырды! Инстаграм жұлдызы әйгілі әншінің образын қайталған еді. Кейіннен мұны байқаған Гранде, қазақстандық арудың суретін өз инстаграмына салып қойды!
Ариане Гранденің 2018 жылы «Met Gala»-ға киген дәл осы образы Данира Какимованы шабыттандырған көрінеді. Сондықтан 24 жастағы блогер әлемге әйгілі әншінің киген көйлегін қайталап, челлендже қатысуды жөн санаған.
Данира Какимова, блогер:
- Мен 2016-шы жылдан бері Ариананың жанкүйерімен. Ол менің кумирім, маған оның шығармашылығы ұнайды. Грандеге қатты ұқсағым да келетін.
Ариананың өнеріне ғана емес, образдарына да қызығатын Данира, күнделікті өмірде де поп әншіге еліктейтінін жасырмайды. Ал сылқымға ерек челленджге қатысу үшін карантин кедергі келтірмеген. «Бастысы креатив қажет болды», - дейді ол.
Данира Какимова, блогер:
– Мен бұл образым үшін корсет пен ақ түсті шарфты қолдандым. Ал көйлектің орнына үйдегі пердені алдым. Ешқайда шықпай, қолымдағы бар заттардан-ақ жасадым, сәтті шыққан сияқты.
Инстаграм парақшасында 136 мыңнан астам оқырманы бар Данираның бұл образын Ариане Гранденің өзі байқап, бағалаған. Тіпті, фотоны аталмыш көйлектің авторы, дизайнер Вера Вонг та өз парақшасына салған.
Данира Какимова, блогер:
– Ариана мен оның дизайнері Вера Вонг менің жасаған образымды ұнатады деп еш ойлаған жоқпын. Қатты таң қалдым, Ариананың мені өз сторисіне салғаны мен үшін бақыт.