Карантин кезі «Меломен» тобы шығармашылық тоқырауға ұшыраған сынды. Неге дейсіздер ғой? Жігіттер «Орда» тобының «Қағаз кеме» әніне жиендік жасаған көрінеді. Алайда хит туындыны Дастан Оразбеков, Ерболат Беделхандар сынды орындау меломендіктердің қолынан келе ме?
Бұл «Қағаз кеме» әнінің алғаш «Бауыржан шоу» театрында тұсауы кесілген сәті. 20 жылдық тарихы бар хитті «Орда» тобының жанкүйерлері бүгінге дейін дәл осы орындауда тыңдап үйренген. Алайда «Меломендік» үштік танымал туындыны өзгеше нақышта орындап, елді таңдандырмақ.
«Меломен» тобы:
- Құлағымызда қалып кеткеннен кейін, қатты бұзбауға тырыстық негізінде. Бірақ енді кавер болғаннан кейін, ол кавер деген өзгеше болу керек қой. Ерекше болу керек. Оригиналдан басқаша болу керек.
Алайда жігіттер әнді түбегейлі өзгертуден аулақ. «Әдетімізге салып мелизмдерді де қоспадық, өйткені бұл әнді сол қалпында жүрекпен ғана орындау керек»,- дейді «Меломендіктер».
«Меломен» тобы:
- Әдемі жүрекпен ғана айтатын ән да бұл. Сондықтан да бұған кейбір нәрселер артық болады. Жаңағы айқайлап жатқанымыз, мелизм қосып жатқанымыз. Олардың бәрі артық болады. Сондықтан да олардың бәрін ескердік.
Жігіттер жаңа нұсқа тыңдарман көңілінен шығады деген ниетте. Ал үштік ұсынған тың туындыны ертең Salem Social Media ұжымы бастаған Ютубтағы «Кавер шоу» жобасынан тамашалай аласыздар.
«Меломен» тобы:
- Жылдары қаншама әндер хит болды. Расымен де ол әндер қазір тыңдалып жатқан жоқ. Былай айтқан кезде, қазіргі жастарға бір жаңа, кавер вариантта жасап жатырмыз, естеріне салып қояйық деген бір жағынан ойда.