Тимоти Шаламе мен Лили-Роуз Депптың жолдары қақ айырылды. Сәнбике мен актердың айырылысып кеткендігі жөніндегі қауесет осыдан бірнеше ай бұрын тараған еді. Бірақ көп үтірге бір нүктені Тимотидың өзі қойды. Ол Батыстық БАҚ-қа берген сұқбатында Лили екеуінің түбегейлі екі жаққа кеткендерін айтқан. Негізгі себеп арақашықтық болып шықты. Өйткені Шаламе Лондонға көшіп кеткелі, Роуз екеуі жиі ұрсысатын болған.
Өткен апта туған күнін туыстарымен және сүйіктісі Зейн Маликпен бірге тойлаған Джиджи Хадидтың бүгін аяғы ауыр екені белгілі болды. Тұңғыш рет ата-ана атанатын жұлдызды жұп жаңалықтарын жасырмауды жөн көріп, жанкүйерлерімен бөлісті. Жүктіліктің жиырмасыншы аптасында жүрген Джиджиға, Зейн бүгін уақытының басым бөлігін арнайтын болған.
Агата Муцениеце қазір күйзелісте жүрген секілді. Себебі желіге жиі көңілсіз жазба жариялайтын болған. Мәселен күні кеше экс-күйеуіне жыр жолдарын арнаған Агата көп жанкүйерін жылатып алды. Өзі шығарған туындыда ол әлі де Павелды сүйетінін айтып, отбасын сақтай алмағаны үшін одан кешірім сұраған. Қала берді өлеңде «жаңа өмір баста, мен сені ұстамаймын» деген сөздер де бар.