Алматылық суретші дәрігер анасына арнап мурал салды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Суретші Жұмаділ Елеукенов дәрігер анасы мен оның әріптестеріне арнап, қабырғаға қашап ауқымды мурал салды. Карантин кезінде үй көрмей, бала-шағадан жырақта қоғам қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жүрген медицина өкілдері бұл арт-нысанды қалай қабылдады?

Ел басына күн туғанда нағыз батырдың кім екені айқындалары сөзсіз. Мәселен төтенше жағдайға қарамастан, жұрт қамын ойлап, үй көрмей жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлерінің еңбегі ерен. Алматылық жас суретші Жұмаділ Елеукенов, дәрігер анасы мен оның әріптестеріне арнап, Құрманғазы мен Әди Шәріпов көшелері қиылысындағы үй қабырғасына «Дәрігерлерге бас иеміз» деген жазбамен сурет салды.

Бұл жобаға Жұмаділ табандай он күнін жұмсапты. Тіпті 15 метрлік кран үстінде түнімен жұмыс істеген кездері де болған. Сол уақытта жанынан өткен жедел жәрдем көліктері дабылдарын басып, суретшіге рақмет айтыпты. «Бұл маған шабыт сыйлады» дейді Елеукенов.

Еліміздің астанасында да, медициа университеті маңындағы қабырғаға дәрігерлерге арнап ауқымды мурал салынды. Аталмыш туындыға біраз уақыттары мен еңбектерін сарп еткен жастар, «сурет біраз жыл өңін бермейді. Оңып кетпейді», - дейді.

Бір топ шығармашыл жастар, пандемия кезінде қазақ халқын бірлікке шақырып, әдемі үндеу жолдағандай. Сондай-ақ олар: «ақ халатты жандарға бұл біздің алғыс ескерткішіміз болсын», - дейді.

Әли Зәкір, суретші:

– Осындай қиын сәттерде біздің ойымызша, медицинаны, врачтарымызды қолдауымыз міндетті деп ойлаймын. Біз біргеміз!