«Apple music» Скриптонит жайлы фильм таспалап, көрерменге ұсынды! Туындыда Әділ Жәлеловтың жұрттан жасырған талай құпиясы әшкере болмақ. Рэп орындаушы бұл картинаға түсу үшін қанша қаржы сұраған? Келесі сюжетте.
2019 жылдың желтоқсанында Әділ, «Apple» үшін эксклюзивті «2004» альбомын жарыққа шығарған болатын. Музыкант, осы үнтаспа арқылы әлемдік плейлистке жол тартқан алғашқы қазақстандық орындаушы атанған еді. Скриптонит «әндерімнің әсерлі шығу құпиясын өзім де білмеймін, тек сапалы дүние жасауға талпынамын» деген еді.
Әділ Жәлелов, рэпер:
-Негізі өзге әртістерден таппаған дүниені, мен өз туындыма қосқанды жөн көремін. Ұзақ уақытымды ізденіске жұмсаймын. Және менің музыкам жұртқа ұнайды. Өзімнің де көңілім толады.
Жаңа фильм күні кеше ел назарына ұсынылды. Бұл картинада Скритонит басынан өткізген түрлі қиындықтарын баяндап береді. Джонни Айвқа берген сұқбатында рэпер отанын жиі сағынатынын, аңсайтынын айтқан.
Әділ Жәлелов, рэпер:
- Туған жерімді сағынамын. Түсіме көп кіреді. Өйткені қазіргі хиттарымның басым бөлігін сол жақта жаздым. Көрген қиындығым, әсерлі әннің тууына сеп болғаны өтірік емес. Және енді Нью-Йорк тұрғындары, Павлодар деген қаланың барын біледі. Бұл да мен үшін үлкен жетістік.
10 минутқа созылатын картина ақпан айында таспаланыпты. Apple-мен келісімге отырғанда Скриптрниттың өз шарттары мен талаптары болған. Әсіресе қаржы жағы қазақстандық хип-хоп орындаушыны қатты алаңдатқан екен. Қанша миллионды қалтасына басқаны нақты айтылмаса да, оның көңілінің күпті екенін оп-оңай байқауға болады. Себебі рэпер жаңа, қомақты жобаларға кірісіп кеткен.
Әділ Жәлелов, рэпер:
- Негізі жоспар жетерлік. Осы альбомдағы туындыларға бейнебаян түсірсем деймін. Мықты команда жинауды бастап та кеттім. Жақсы, сапалы дүние күтсеңіздер болады.
Енді «Apple Music» әлемнің түкпір-түкпіріндегі таланттарды іздеп, олар жайлы да деректі фильм түсірмек ниетте екен.