Шоу бизнестегі ең үлгілі жанұя атануға кімдер лайық?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгін «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күні. Мен де ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерекемен отбасымның ұйытқысы, аяулы жарымды құттықтадым. Ал, танымал жұптар айтулы датаны қалай тойлайды? Шоу-бизнесте ең үлгілі, ең шулы және ең хайпқұмар жанұя кім? Анықтап көрдік.

Отасқандарына 40 жылдан асса да, ең берік жұп ескірмеген махаббат иелері – Ескендір Хасанғалиев пен Дарико ханымды айтуға болады.

Өмірлік серік болуына сахна себеп болғандардың бірі – Қыдырәлі мен Қарақат. Бүгінде үлгілі отбасы 4 ұл және 1 қыз тәрбиелеп отыр. Ел алдында есімдерін атамай, «Қыдекең» мен «Қақат» болып әлі күнге дейін бір-біріне еркелеп жүреді.

Қарақат Әбілдина, әнші:

- Қыдекең не сыйламады маған, Қыдекең өзінің жүрегін ұсынған, өзінің өмірін ұсынған азамат.

Жеке өмірдің өзін хайп қылып, жалпақ жұрттың қытығына тиюді жақсы көретін жұптар да жетерлік! Көрермен жиі ажырастырып қайта қосатын Арман мен Аша сөзсіз «хайпқұмар» жанұяның бірі.

Арман мен Аша, жұлдызды жұп:

- Енді семья болғаннан кейін әр түрлі жағдайлар болып тұрады. Ұрыс та болып тұрады, әр семья секілді. Бірақ, біз әзірше оның бәрін жеңіп шығып жатырмыз. Біргеміз, барлығы жақсы.

Екінші рет үйленеміз деп Айқын мен Дәурен елді біраз шулатқан еді. Есесіне, бүгінде Төлепберген мен Айдарқұлов үлгілі отағасы, көп баланың әкесі.

Оның аты да, әні де, тіпті сүйген жары да хит. 10 жылдан соң әйелін халық алдына шығарған Қайрат Нұртастың жанұясына қызығушылық білдірмейтін адам кемде-кем. Бүгінде Қайрат пен Жұлдыз «хит жұп» ретінде ел аузында.

Қайрат Нұртас, әнші:

- Жұлдыз әлі сондай. Әлі сондай қарапайым, әлі сондай әдемі, әлі сондай тәтті. Рахмет саған, жаным-ааау!

Олардың вайндарынан әр адам өзін танитыны анық! Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева жанұялық әзілдерімен «ең үздік вайнерлер отбасы» атанса, Yuframe-дық Арман мен Карина ең танымал жас жанұя.