Ерболат Төлегеннің сахнаны тастап, енді аспаздыққа бет бұрғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Желіде жұлдыз біткеннің жаппай асүй жағалаған видеолары тарап жатыр. Бұны көрген жұрт: «той түгесіліп, тентіредіңдер ме?», - деп сұрауда.

Бірақ ерлердің өзі бұнымен келіспейтін болып шықты. Әсіресе желіде жаман пікірлердің астында қалып қойған, Ерболат Төлеген ондай сөздердің шамына тигенін жасырмайды. Актер тіпті: «мен тамақты мейрамхананың аспаздарынан кем дайындамаймын. Келешекте өзімнің ресторанымды ашып қалсам таңғалмаңдар», - деді.

Ерболат Төлеген, актер:

– Енді карантинде тамақ істеуге көшкен себебім, әрине күнде емес, арасында. Карантинде тапқан хоббиім емес. Мен бұрыннан да жасай аламын. Біреулер енді айтып жатыр, қазан-ошақтың арасына араласып кетті. Мәселе онда емес, мен өзім ұнатамын. Кім не десе де айта берсін. Ттамақ істесеңіздер жігіттер, ол ешқандайда әйел болып кетпейсіздер.

Карантин өнердегі сұлуларды да асүй ханшайымына айналдырып жібергендей. Мәселен: Мәдина Сәдуақасова, Ақбота Сейітмағанбет, Дана Есеева, Жұлдыз Өмірғали күнде түрлі тәттілер пісіріп, инстада мәзірімен бөлісіп отырады. Тіпті Алтынай Жорабаева да желіге жиі өзінің ерекше рецептерін жүктейтін болған.

Бірақ бәрін таңғалдырғаны, ат төбеліндей атағы бар Ақан Сатаевтың асүйде жүргені болды. Режиссер етін молынан асып, қуырдақ пісірген.

Қысқасы, карантин жұлдыздардың жаңа қырының ашылуына септігін тигізіп жатқандай.