Отандық орындаушылар Марат Омаров ізімен қауіпті індетке қатысты ән арнады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Коронавирус кет кет кет! Желіні шулатқан Марат Омаровтың дәл осы туындысы трендке айналған еді. Енді міне, шоу-бизнестің өзге өкілдері де пандемияға қатысты жаппай ән шығарып жатыр. Олардың айтуынша, қауіпті індет өнерпаздарға шалқар шабыт сыйласа керек.

Дәл осы әзіл ән арқылы жастар арасында кеңнен таныламын деп, Марат Омаров еш ойламағанды. Тың туынды желіні шулатып, әр жерде шырқалды десек, артық айтпаспыз!

Марат Омаров, әнші:

– Мен енді ойлаймын бұл әннің шарықтау шегі мынау жастардың қабылдап кетуі. Жастардың өздерінің үлестерін қосып, барлық тілде орындауы бұл ойлаймын ауруға қарама қарсы жасаған әрекеттер деп.

Алайда, карантин кезінде шабыттанып, ерек туынды ұсынған жалғыз Марат Омаров емес екен. Мәселен, Диана Шарапова коронавирусқа толықтай бір ән арнап, оған «Пандемия» атауын берген.

Диана Шарапова, әнші:

- Эпидемияның кесірен бәріміздің өміріміз мүлдем өзгеріп кетті. Сондықтан мен карантиннен жалыққан халық жайлы ән шығаруды жөн көрдім.

Диананың аталмыш еңбегіне оң бағасын беріп жатқандар жетерлік. Кауіпті індетпен күресудегі сақтық шаралары жайлы шырқаған әнші, «осылайша аурудың алдын алғым келді», - дейді.

Диана Шарапова, әнші:

- Бұл ән өте тез тарап жатыр. Халықтың қиын жағдайға қарамастан өз көңілін түсірмей, позитивті болғаны қуантады. Өзімді керемет автор санамаймын, бірақ «Пандемия» әні тыңдарман арасында хитке айналғандай.

Көп ұзамай ҚР Еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова да қазіргі ахуалға қатысты ән шырқамақ ниетте! Өнер иесі де, карантин кезінде тыңдарманның көңілін көтеру үшін әзіл ән ұсынуды жоспарлап қойыпты.

Айжан Нұрмағамбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Қазір деген мен жастармен тағы бір челлендж жасап жатырмыз. Ол деген коронавирусқа арналған ән, бірақ әзіл ән. Әдейі жазылған ән, соны кішкене секретін айтайын. Неге десеңіз, жылағаннан, қаңсылағаннан ештеңе болмайды. Біз біргеміз, бәрі жақсы болады.

Шетелдік әншілер арасында да пандемия тақырыбы трендте. Соның ішінде «BlueBucksClan» тобы, iMarkkeyz бен Cardi B коронавирус туралы әндерін хитке айналдырса, америкалық рэпер Gmac Cash тың туындысына бейнебаян да таспалап үлгерген.