Отандық жұлдыздар карантин кезінде көмекке мұқтаж жандарға ұшын созды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айжан Нұрмағамбетова карантин кезінде қол қусырып отырмақ емес. Өнер өкілі көмекке зәру жандардың үйлерін аралап, керек жарақпен қамтамасыз етіп жүр. Шығармашылығын уақытша волонтерлік қызметке ауыстырған әнші игі іс жасауда жан салмайтынын айтады.

Айжан Нұрмағамбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Әрине міне осындай қиын жағдайда менде қалмадым деп есептеймін. Анам ұрысып жатыр, немене сен жастармен шауып жүрсің деп. Сүйтіп айтады қорқады, бәрі әртістер үйде отыр ғой, онлайн концерттер беріп. Мен айтқанмын қолым босаса менде беретін шығармын деп.

Нұрмағамбетова ханым бастаған «Біз Біргеміз» акциясында, ҚР еңбек сіңірген әртісінен өзге, отандық жұлдыздар мен кәсіпкерлер атсалысуда. Эстраданың әншісі қауіпті болса да, қайырымдылықпен айналысу керектігін айтады.

Айжан Нұрмағамбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Мен шығып жүрмін, бүгін де шығамын. Ал жастарымыз әрине бәрі жұмыс жасайды. Ол деген, жастарға фасовать етіп жатыр ия, түні бойы жасайды. Содан кейін апарады. Мүгедектерге көмектеседі.

Айжан Нұрмағамбетоваға көмекке 250-ден астам волонтер келген. Олар күніне 500-дей отбасына азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізеді. Ал, талай жыл сахнада жүрген әншінің қарапайымдылығына көпшілік тәнті болған көрінеді.

Айжан Нұрмағамбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Білмеймін мен өзімнің мінезім сондай, бір күндік акция емес, қанша күн. Әрине маған сонша көп шығуға болмайды, неге десеңіз мені танып бәрі, селфи жасағысы келеді.

«Біз Біргеміз» ұйымының идеясы Рафаэль Гасановқа тиесілі. Өнер өкілдері мен бірігіп қайырымдылық жасап жүрген қоғам қайраткері: «ең бастысы халыққа пайдамыз тисе екен», - дейді.

Рафаэль Гасанов, ұйымдастырушы:

- Біз бұл жақсылықты өзіміздің пайдамыз үшін жасап жатқан жоқпыз. Танымалдылық немесе атақ үшін емес, басты мақсатымыз қиын кездерде бірге болу. Волонтерлердің жасап жатқан жұмысын көпшілік бағаласа екен деймін. Себебі, олардың атқарып жатқан еңбегі зор.