Жершарын жайлаған қауіпті дертпен күресте өз өмірін ең бірінші ақ халаттағылар қатерге тігіп отыр. Тіпті, күні кеше «Мисс Англия» сұлулық байқауының жеңімпазы Бхаша Мукхерджи алтын тәжден бас тартып, короновирус пандемиясымен күресу үшін дәрігерлік мамандығына қайта оралды. Еске салсақ, байқауға дейін емханада қызмет еткен сылқым жеңімпаз атанған соң медицина саласынан мүлде кеткен еді.
2013 жылы «Қазақстан ару» атағын еншілеген Айдай Исаеваның да негізгі мамандығы дәрігер. Бүгінде тележүргізуші әрі сәнбике атанған ол, талай жыл оқыған білімінің бүгінде кәдесіне жарап жатқанына қуанады. Тіпті, қажет болса жанкүйерлерінен өз кеңестерін де аямақ емес.
Айдай Исаева, тележүргізуші:
-Бұл жерде дәрігерлік білім болған кезде, бір шарт бәріне бірдей шарт. Яғни тазалықты сақтану керек. Тазалық қай жерде көбірек болса сол жерге жолмайды деп ойлаймын. Енді қосымша үйді өзім адыраспандаймын. Сосын лавровый листты жаңағыдай, күйдіріп иісін шығарамын. Сол гриппке қарсы дейді ғой. Қатты қатал қараймын, тазалыққа біріншіден, өйткені баламның денсаулығы маған бірінші мәрте тұрады.
Талай танымал туындылардың режиссеры атанған Асқар Бисембиннің де негізгі мамандығы дәрігер екенін білі білсе, бірі біле бермейді. Киногер қазіргі сәтте ақ халатты абзал жандарға қолдаудың маңызды екенін алға тартады.
Асқар Бисембин, режиссер:
- Бірінші жоғары білімім медицина саласы бойынша екені рас. Қажет болса, әріптестеріме көмектесуге дайынмын. Бірақ бұл салада тәжірибем болмағандықтан, бар білгенімді ұмытып қалғаным рас. Дәрігерлеріміз індетті жеңіп, үйлеріне аман-есен жеңімпаз боп оралуларына тілектеспін. Ақ халаттыларға мың алғыс!
Ендеше біз де өзге үшін қатердің қақ ортасында жүріп, халыққа қызмет еткен ақ халатты абзал жандарға алғыс айтамыз!