Ninety one бастаған карантиндегі өнерпаздар «Тик-Токтың жұлдызы» атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тик-ток бүгінде трендте! Карантин кезінде үйде отырған отандық жұлдыздар тик-ток түсіріп жарысып жатыр. Олардың арасында «Ninety one» ұжымы да бар! Ал, бұл әлеуметтік желінің жұлдызы атанған кім? Бірге білейік!

Отандық жұлдыздар бұл күндері әлемге кең таралған әлеуметтік желіде бар уақытын өткізіп жатыр. Өнер өкілдері жарыса би билеп, түрлі маскалармен видео таспалап, көпшіліктің көңілін көтере білгендей.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Байқасаңыздар қазір инстаграм дәуірі өтіп бара жатқан сияқты. Инстаграмға көбірек үлкен кісілер алып жатқан сияқты. Жастардың бәрі қазір «Tik-tok» «Like»-та жүр. Жаңа социальный сеть.

Карантин кезінде тик-токты қолға алған Айқында 47 мыңнан аса оқырман бар. Одан өзге, Алтынай Жолдыбаева, Аша Матай және Салтанат Бақаевалар да аталмыш желіде өз аудиториясын жинап үлгерген.

Алайда танымалдар арасынан блогер Карина Оксукбаева фалловер санымен мақтана алады! 120 мың тіркелушісі бар экс-юфреймдік ару, қызықты отбасылық видеолар таспалап, көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Осылайша, желі жұлдызы тізімнің үшінші сатысында.

134 мың оқырман, 1 млн лүпіл жинаған Найнти Уандықтар болса, екінші орында. Мемберлер түрлі видео түсіріп, тіпті тик-ток арқылы туындыларын жарнамалап жүр.

Bonapart, музыкант:

- Қазір өлеңдерді пиарить ету үшін жаңа жол өте жақсы жол мысалы бұрын көбінесе инстаграмнан тарататын болсақ, қазір тик-токтан болады. Тик-токта мүмкіншіліктер көп. Мысалы жаңа өлеңіне би билеп бере алады, күштілеп тұрып.

Ал Найнти уан бастаған отандық өнерпаздарға тик-токта Zheka Fatbelly шаң қаптырып отыр. Аталмыш желіде рекордсмен атанған оның 317 мыңнан астам фолловері бар. Еске салсақ, вайнер соңғы кездері тың тректер ұсынып, рэпер атанған жайы бар.