Ең әйгілі музыкалық «iТunes KZ» чартының үздіктері анықталды! Отандық меломандар жарыса тыңдаған тректер арасында көш бастап тұрған -
JONY мен Andro-ның «Мадам» туындысы.
Ресейлік қос музыканттың су жаңа композициясы 2 апта бұрын ғана жарық көрген. Көптің көңілінен шыққан «Мадам» әні тіпті ТМД елдерінің музыкалық платформаларында да топ жаруда. Еске салсақ, JONY мен Andro былтыр ғаламтор арқылы жастар арасында кеңінен танылған еді.
«iТunes»-тің екінші сатысында Ирина Кайратовнаның «Көке» трегі.
Желі жұлдыздарына айналған музыканттар аталмыш туындыны Hiro, De Lacure және Zheka Fatbelly-мен бірігіп орындаған еді.
Әр трегі хит атанатын Ирина Кайратовна «Көке» әніне бейнебаян да ұсынды. Өнерпаздардың бұл туындысын «youtube»-та 1 млн-нан астам көрермен тамашалаған.
Ресейге танылған отандасымыз Скриптонит болса, «Москва любит...» әнімен ТОП үштікті түйіндейді. 1 ай бұрын жарық көрген трек әлі күнге дейін үздіктер қатарынан түсер емес. Соған қарағанда, рэпердің Мәскеу туралы шырқаған әні, тыңдармандардың көңілінен шыққан сыңайлы.