«Тыныш жер 2» картинасының тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

2018 жылдың ең табысты хорроры – «Тыныш жер» картинасының актерлары қызыл кілемге қайта жиналды! Кезінде кассалық жиынымен таңқалтқан триллердің жалғасы жарық көруге әзір. Арнаулы жолақ бойында фильмнің режиссеры Джон Красински мен бас кейіпкер Эмили Блант бастаған киногерлер төбе көрсетті.

Еске салсақ, 17 млн долларға таспаланған «Тыныш жер» картинасының алғашқы бөлімі 340 миллион доллар табыс тауып, рекорд орнаnқан еді. Одан бөлек, лента «Оскарға» үміткер атанып, «Rotten Tomatoes» пайымымен үздік картиналар тізіміне ілікті.

Джон Красински, режиссер:

-Кезінде лентаның екінші бөлімін түсірмемін деп едім. Бірақ, ойлана келе, көптің сұрауымен неліктен жалғасын таспаламасқа деген ойға келдім.

«Тыныш жер» лентасының сюжет желісі бойынша, адамдар ешбір дыбыс шығармай, тыныштықта өмір сүруі тиіс. Әйтпесе, көзі соқыр, есесіне сақ құлақ құбыжықтар оларды тауып, жеп қоюы мүмкін. Фильмнің жалғасында да Эббот жанұясы өмір үшін күресуі тиіс.

Эмили Блант, актриса:

– Әуел баста күйеуімнің бұл картинасында басты рөлді өзім сомдауым керек деп шештім. Тек мен ғана образды жеткізе алатындай болып көрінді. Енді міне, лентаның сәтті шыққаны сонша, фильмнің екінші бөлімі жарық көрмек.

Ал үрейлі сәттерге толы қорқынышты лентаны отандық көрермен наурыздың 18-нен бастап тамашалай алмақ!