Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады! Әлем бойынша бұл індетті жұқтырғандар саны 118 мың адамнан асып отыр. Тіпті, олардың арасында танымал өнер жұлдыздары жетерлік. Мәселен, актер Том Хэнкс пен жұбайы Рито Уилсон, аяқдопшы Даниэле Ругани және «НБА» ұйымының спортшысы Руди Гобер бұл дертке шалдыққан.
Күллі әлемге қауіп төндірген коронавирус, отандық шоу-бизнес өкілдерін де алаңдатып отыр. Түрлі іс-шараларда өнер көрсетіп, халық арасында жиі жүретін жұлдыздар сақтық шараларын күшейткенге ұқсайды.
Әли Оқапов, әнші:
- Гигиеналық тұрғыда. Өйткені, барлық жерде, айтатыны бір, қолыңды, бетіңді, жалпы өз денеңді, жиірек тазалап, жуып дегендей сол жағынан гигиеналық тұрғыда, мұқият қарау деген және де көптеген кеңестер қазір тарап жатыр. Мысалыға әрбір 15 минут сайын, бір су жұту керекің. Өйткені сен су жұтқанмен бірге, жиналған бактериялар асқазаныңа түсіп, содан кейін, күйіп кетеді деген сияқты.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Міне, бұл кәдімгі нано бірдеңке вообщем, хлорка. Сондай вирустарды, бактерияларды өлтіретін хлорка. Негізі, әрине Құдай сақтасын енді, адам көп жерлерге көп барудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Мемлекеттік органдар енді қадағалайды деп ойлаймын.
Одан бөлек, «короновирус» өнер өкілдерінің қалтасына салмақ түсіргені жасырын емес. Мысалы, тығырыққа тірелген Нұртас Адамбай, фолловерлері арасында «карантин кезінде киноға барасыз ба?» деп сұрақ қойып, сауалнама жүргізді. Режиссер алдағы аптада «Келинка Сабина 3» фильмін жарыққа шығаруы тиіс болатын.
Тұсаукесер алдында сары уайымға салынған жалғыз Нұртас қана емес. Алғаш рет кинопродюсерлік тізгінді қолына алған Айқын коронавирустың кесірінен, су жаңа комедиясының тұсаукесерін кейінге қалдырды.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Киноны мысалы қаншама қыруар миллиондаған ақшалар кетті. Оны әні шығарамыз дедік, енді ол да болмайтын болса, мүмкін август, немесе сентябрьде шығарамыз деп ойлаймын. Себебі, әлемдік премьералар бар «Джеймс Бонд» шегеріліп жатыр, «Мулан» да мүмкін шегеретін шығар.
Еске салсақ, бүгін елімізде ресми түрде карантин жарияланды. Енді кинотеатрлар жұмысын тоқтатса, ауқымды іс-шаралардың барлығы кейінге шегерілді.