Коронавирустың кесірі әлемдік шоу-бизнес пен спорт саласына тиіп жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жер-жаһанды жайлаған коронавирустың кесірі әлемдік шоу-бизнес пен спорт саласына да кері әсерін тигізіп жатыр! Мәселен, Токиода өткізілуі тиіс 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының болашағы бүгінде бұлыңғыр. Одан бөлек, қауіпті індет салдарынан, Италия чемипионаты көрерменсіз өтіп, Криштиану Роналдуға көзге көрінбейтін жанкүйерлерімен амандасуға тура келді.

Коронавирус киносаласына да тұсау болды! Күллі көрермен тағатсыздана тосқан Джеймс Бонд туралы фильмнің премьерасы жаз маусымына ауыстырылды. Ал Paramount Pictures «Орындалмас миссия» лентасының түсірілім жұмыстарын кейінге шегергені белгілі.

Қалтасынан қағылғандар қатарында сән әлемінің өкілдері де жетерлік! Мәселен, «Армани» кезекті коллекциясы көрерменсіз, онлайн трансляция арқылы таныстырса, Gucci бренді 18-мамыр өтуі тиіс Сан-Францискодағы көрсетілімнен бас тартып отыр.

20 жылдық тарихы бар Coachella фестивалі әнсүйер қауым үшін маңызды мерекеге айналғаны қашан! Әдетте әлемнің кіл мықты музыканттары бас қосатын ауқымды шара сәуір айына жоспарланған-ды. Алайда, қауіпті індет үшін фестиваль қазан айына ауыстырылды.