Идиллияның шынымен біткені ме? Күллі ТМД-ны тамсандырып жүрген Джиган мен оның жары Оксана Самойлова арасындағы махаббатқа сызат түсті. Үлгілі отбасының бүгінде шаңырағы ортасына опырылғандай...
Барлық қауесет пен гу-гу өсек Денис Устименконың инстадағы дәл осы тікелей эфирінен кейін басталды. Трансляция барысында боғауыз сөздерді қарша боратып, ортаншы қызы Леяны сыраға жұмсаған оны жұрт «Есінен алжасқан» деп айтыптаған-ды. Кейін белгілі болғандай рэпер шынымен Майамидегі жеке клиникалардың бірінде ем қабылдап жатқанға ұқсайды.
Инсайдерлердің мәліметінше, ұлды болғанын қатты тойлатып жіберген Джиган, Оксанаға қол жұмсаған. Артынша ол қылығы үшін, инстаграмда әйелінен кешірім де сұрапты. Есірткіге әбден тәуелді болып алған ол, айына 80 мың доллар төлейтін қымбат клиникада ем қабылдап жатыр екен. Бұл әртістің өз шешімі.
Ажырасамын деген Самойлованың мәлімдемесінен кейін, Денис жарының көңілін табу үшін безек қағып жүргенге ұқсайды. Ал осы уақытқа дейін бір ауыз «ләм» демеген Оксана инстадағы парақшасына: «Мен мына әлемде оянғым келмейді», - деп сториз салып, артынша оны өшіріп тастаған. Орнына балаларымен түскен суретін жариялап «сендердің болғандарың қандай жақсы», - деп жазған.
Егер жұлдызды жұп ажырасатын болса, Джиган әкелік құқығынан айырылып, 4 бірдей бала-шағасын көруден қалады екен. Рэпер әріптестерінен қолдау күткен оны, жақтағандар санаулы-ақ болды. Олег Груз, Федор Фомин есімді достары «Я/Мы Джиган» флешмобымен өнер өкілін серпілтуге тырысып бағуда.
Ал Оксананы қорғап жатқан әртістер саны күн санап көбеюде. Олардың қатарында: Вера Брежнева, Ольга Бузова, Алина Шишкова сынды сылқымдар бар. Ал, жұлдызды жұптың алаңдаушылық білдірген жанкүйерлері: «бұл пиар үшін жасалған дүние болса ғой», - деп үміттенуде.