«Tik-tok жұлдызы» атанып жүрген танымалдар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Тикток» тау көтерген Толағайдай, сәт санап жұрт арасында кең етек алып бара жатқан әлеуметтік желілердің бірі. Тіпті елді елең еткізген бұл платформаға әлемдік жұлдыздардың өздері жаппай тіркелуде.

Мәселен жақында ғана Рианна өзінің «Fenty Beauty» брендіне арнап, тикток желісі ішінен түсірілім алаңын ашты. Онда әншінің табынушылары мен тыңдармандары поп-жұлдыз нарыққа шығарып жүрген косметикаларды тестілеуден өткізіп, оның жеке парақшасына видеоға түсе алады.

Отандық жұлдыздар да әлемдік трендтен тысқары қалып қоймақ емес. Мәселен инстада 3 миллионға жуық оқырманы бар Айқын, енді тиктоктағы парақшасын дамытпақ ниетте екен.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Байқасаңыздар, қазір инстаграм дәуірі өтіп бара жатқан сияқты. Инстаграмға көбірек үлкен кісілер алып жатқан сияқты. Жастардың бәрі қазір «Tik-tok», «Like»-та жүр. Жаңа социальный сеть.

Ал ерекше стильде ән шырқайтын Bonapart болса, жазып жатқан жаңа тректерін тикток арқылы жарнамалайтынын жасырмайды. «Бұл – пиар жасаудың жақсы құралы» болды дейді жас әнші.

Bonapart, жас музыкант:

- Қазір өлеңдерді пиарить ету үшін жаңа жол өте жақсы жол, мысалы бұрын көбінесе инстаграмнан тарататын болсақ, қазір тик-токтан болады. Тик-токта мүмкіншіліктер көп. Мысалы жаңа өлеңіне би билеп бере алады, күштілеп тұрып.

Ал тіркелгеніне көп болмаса да 40 мыңға жуық оқырман жинап үлгерген Айдана Меденова болса, «енді Тиктоктағы парақшамды дамытуға шындап кірісемін» деп отыр.

Айдана Меденова, әнші:

- Шыны керек тик-токты жаңадан ғана өзіме ашып жатырмын. 5-6 видео ғана бар шығар. Мен әлі профессиональный «тик-токер» емеспін. Сондықтан қазір барлығы алда, енді көре жатармыз.

Жоғарыда аты аталған отандық әншілерден бөлек, «Тиктокта» трендте жарымен жүрген Салтанат Бақаева бар. Дана Есеева, Сая Оразғалива мен Жәния Джуринскаялар да әріптестерінен қалыспақ емес.