Есболат Беделхан кино әлеміне бет бұрмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Есболат Беделхан енді кино саласына бет бұрмақ! «Орда» тобының әншісі фильм таспалауды қолға аламын деп отыр. Еске салсақ, 20 жылдан астам сахнада жүрген ол музыкалық продюссер ретінде де танылған болатын.

Есболат Беделхан, «Орда» тобының әншісі:

- Негізі мен осы салада жұмыс істегім келеді. Көптен бері жұмыс істегім келіп жүр. Ақырындап музыкадан киноға ауысайын деген ойым бар, үмітім бар, әрине оны жүзеге асырамын.

Бүгінде әншілердің фильм түсіруі қалыпты жағдайға айналды. Дегенмен, Есболат қазақ киноиндустриясына жаңалық алып келгім келеді дейді. Әнші комедия емес, атыс-шабысқа толы детектив жанрында өзін сынап көрмек.

Есболат Беделхан, «Орда» тобының әншісі:

- Режиссер әлде продюссер, бірақ та актер емес. Мен сол өзімді солай сезінемін автор ретінде. Менің әрине, ұнататын жанр ол триллер. Біраз енді боевик, қорқынышты, криминальный оқиғалар.

Есболат q-pop ұжымдарының жетекшісі ретінде жұмысымды жалғастырамын дейді. Кезінде «Black Dail» тобына продюсерлық еткен кіші Беделхан, таяуда «Ice blue» атты қыздар тобын жасақтаған еді. Алайда, әнші бұл жобаны жастарды қолдау үшін ғана қолға алғанын мойындайды.

Есболат Беделхан, «Орда» тобының әншісі:

- Продюсерлық шаруа менде әрине ол сондай күрделі енді менің жұмысым деп кіріскен жоқпын. Менікі көбінесі қолдау, мен тек қана сол жас балдарға қолдау ретінде продюссер жүрмін. Әлі де жаңағы қыздарды қолдап жүрмін, қыздар тобын.

Алайда Есболат басшылық еткен қыздар тобы, тек бір бейнебаянмен шектеліп қалғаны белгілі. «Ордалық» сері гелзбендке сахнаға шығу үшін тағы дайындық қажеттігін алға тартады.

Есболат Беделхан, «Орда» тобының әншісі:

- «Ice bule» тобының қазіргі таңдағы жұмысы олар қазір жұмысты, толықанды жасап алады. Содан кейін барып көрсетеді. Соған дейін біраз уақыт кетуі мүмкін. Сондықтан біраз экраннан кетіп қалды. Оны өзім қадағалап жатырмын, қолдап.