Отандық жұлдыздар мерекеде қандай сыйлық алды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мереке мен мейрам кезі жұрт назары «Жұлдыздарға не сыйладыға» ауатыны рас. Жақында тойланған халықаралық әйелдер мен қыз-келіншектер күнінде әртіс сылқымдардың әлеужелісі гүлдер мен сыйлықтарға толассыз толып қалғаны тағы бар...

Мәселен айтулы мерекеде вайнер Карина Өксікбаеваға жары кітап сыйласа, тұңғышы Әлім анасына арнап ән айтып беріпті. Ал кенже ұлы түнде жыламай, Каринаға тәтті ұйқы тарту еткен көрінеді.

Ал мүсінімен елді есінен тандыратын Мәдина Сәдуақасоваға сыйлық бірден ұшақ ішіне жеткізіліпті. Сылқымға бір құшақ гүл мен қымбат маркалы «Диор» сөмекесін тарту еткен. Бағалы бұйымды берген жанның есімін құпияда ұстауды жөн көрген Мәдина бұл жаңалығымен өзінің инста парақшасында бөлісті.

Қылығымен қалың көпшілікке көрікті Ерке Есмаханның 8 наурыз күні гүлге құшағы да, пәтері де толып кеткенін мына видеолар арқылы байқауға болады.

Еркенің өзі мейрам бітсе де, гүл ала беруден кетәрі емес екенін астарлап әзілмен оқырмандарына жеткізгендей. Айтулы мерекеде гүлге қарық болған жұлдыздарымыздың ішінде: Салтанат Бақаева, Сая Оразғалиева, Динара Сәтжан бар.