Нұрлан Қоянбаевтың кинопрокаттағы жетістігін өзге әріптестері қайталамақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Marvel»-дың өзін шаң қаптырдым! Қазақ киноиндустриясында 1 млрд. теңгеден астам касса жинап рекорд орнатқан Нұрлан Қоянбаев, жетістікке жетудегі құпиясымен бөлісті. Продюсер комедияларының көрермен көңілінен шығуына әзілдің маңызы зор деп біледі. Айтуынша, киногерлер халықтың жанына жақын тақырыптарды фильміне негіз етуі қажет.

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

- Менің ойымша, енді кинода көтеріп жатқан тақырыптар, әзілдер халыққа жақын болса киноны көрермендер қолдайды. Кейде болады енді, режиссерлар, продюсерлер көрерменнен алыс кино түсіреді. Өзіне ұнайтын бір. Сондықтан да, енді менің ойым біздегі «Бизнес по казахский» болсын, «My love is Aisulu» ол халыққа жақын кино сияқты деп ойлаймын.

Қоянбаевтың «Бизнес по-казахски в Корее» фильмі осылайша рекорд орнатса, «My love is Aisulu» отандық прокатта бірден топ жарған еді. Романтикалық комедия айналымдағы 5 аптада 172 млн-нан аса пайда көріп отыр.

Нұрланның мұндай жетістігіне өнердегі әріптестері де таңқалғанын жасырмайды. Тіпті, «Бизнес по-казахски» фильмінің алғашқы бөлімініне режиссерлық еткен Жеңісхан Момышев Қоянбаев көрермен сұранысын қанағаттандыра біледі дейді.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

-Жақсы кино түсіру керек. Жақсы кино түсірсен ол өзінің несін алады. Өкінішке орай қазір бізге Қазақстанға комедия керек. Өйткені бізде социальный проблемалар көп. На бытовуху киноға бармай, кішкене үйден шығып киноға барып көңіл көтеру керек.

Ал Нұрлан сынды шығармашылығын КВН-нан бастаған Асқар Бисембин, фильм таспаласаң шынайы бол дейді.

Асқар Бисембин, режиссер:

-Шыны керек білмеймін, себебі кино деген күтпеген нәрсе ғой. Оған көптеген факторлар әсер етеді. Ең бастысы көрерменің көңілінен шығу деп ойлаймын. Тек кино деген сенің шынайы бейнең сияқты болуы керек, сол кезде ғана ол көпшілікке жетеді.

Үлкен экрандарға үш бірдей фильмін ұсынып үлгерген Мейіржан Төребаев болса, Қоянбаев мырзаның жетісігін қайталау оңайға соқпайды дейді. Актер фильмнің табысын алдын-ала болжау мүмкін емес екендігін алға тартады.

Мейіржан Төребаев, актер:

- Негізі ол действительно сәттілік менің ойымша. А так ондай прям преднамеренно бәрібір түсіре алмайсың кино. Прям осы кино жарады деп, осы кино сондай сондай бюджет шығарады деп. Ондай ешкім ойламайды деп ойлаймын. От души түсіреді, сәті түссе жинап аласың, миллион, миллиард.