Әнші Kaliyа-ның ұйымдастыруымен, халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында еліміздің әр саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер бас қосты! Жиында «Феменистік көзқарас пен гендерлік теңдік» тақырыбын талқыға салған арулар өзекті мәселелерді көтеруге тырысты.
Kaliyа, әнші:
– Басты мақсатымыз осы біздің қоғамымызды қауіпсіз болуы және әйелдер өздерін құқықтарын қорғау мәселесі.
Мұнда келген әр арудың талаптары мен ұсыныстары жетерлік! Мәселен, біраз уақыттан бері феменистік бастамаларға мұрындық болып жүрген журналист Перизат Мырзахмет елімізде әйелдердің құқығы әлсіз қорғалатынын айтады. Қала берді ол, «әр ару өз ұстанымынан таймау керек» дейді.
Перизат Мырзахмет, журналист:
– Ол адамның өзінің позициясына байланысты шығар. Мен бірінші келгеннен-ақ сөйлеген өзім, істеген ісім, барлығы да өзімінің позициямды қорғай алатын болғандықтан маған ешқашан, ешкім «сен әйелсің, тоқтай тұр» деген болған емес.
Тіпті, Перизат «Отбасыда бәрін басынан қадағалау керек. Біреуге біреу өз пікірін телуге міндетті емес», - дегенді айтады. Перизат ханымның шаңырағында абсолютті демократия екен.
Перизат Мырзахмет, журналист:
– Барлығының өзінің дауысы бар, барлығының өзінің құқығы бар. Қалағанын жеткізе алады. Кішкентай үш жастағы баламызға дейін біз ақылдасамыз. Оған ешқашан өзіне ұнамайтын киім кигізбейміз, өзіне ұнамайтын тамақты «болды бұл пайдалы» деп жегізбейміз.
Отандық фильмдердің жұлдызы Айнұр Ілиясова болса, әріптестерінің пікірімен толықтай келіседі. Актрисаның айтуынша, бүгінгі таңда кинодағы теңсіздік жойылған. «Бұрынғыдай «әйел, ер» деп бөлу жоқ», - дейді ол.
Айнұр Ілиясова, актриса:
– Кинода қазір жыныс жоқ деп ойлаймын. Тепе-теңдік меніңше бар. Қазір көптеген әйелдер режиссер болып жүр. Өте көп әйелдер кинода. Бұрын мысалы үшін осыдан бір он жыл бұрынды алатын болсақ, қыз бала кинода, үлкен съемочный группа болса, 20 шақты адам. Соның ішінде 3-4 қыз ғана жүретін. Қазір үлкен съемочный группаның ішінде, тең жартысы деуге болады, қыздар.