Сахнаға қайта оралған «101» тобы жеке ән кешін өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Я+ты», «Сердце под прицелом» және «Дай мне время» сынды хит тректердің орындаушылары – «101» тобы сахнаға қайта оралды! Еске салсақ, поп ұжым соңғы 5 жыл үзілісте болған еді. «Шығармашылығымызыды қолға алуымызға тыңдарманның сұранысы сеп болды», - дейді жігіттер.

«101» тобы:

-Шыны керек соңғы 5 жыл бойы шығармашылықты мүлдем қойып едік. Осындай концертті өткізбегелі бірәз болыпты. Кештің билеттері де бірден сатылып кетті, қатты таңқалдық.

Сахнаға қайта оралған «101» тобы осылайша фанаттарын жеке ән кешімен қуантты. Залды тыңдарманға лық толтырған концерт жанды дауыста өтті. Онда ескі хит әуендер жаңаша нұсқада орындалды.

«101» тобы:

-Сахнадан кеткен әрбір әртіс, өнермен түбегейлі қоштасу қиын екенін айтушы еді. Тіпті, өнер адамы біраз уақыт үзіліс алса, өмірлерінің мәнін жоғалтып алғандай сезінеді. Сондықтан, біз де музыканы қатты сағындық.

Соңғы 5 жылда бар уақытымызды отбасымызға арнадық деген «101» тобы

қызу жұмысқа кіріскен. Таяуда ғана «Над землей» атты трегін ұсынған ұжым, су жаңа туындының көптің көңілінен шыққанына сенімді.

«101» тобы:

- Қазіргі таңда бізбен бәсекеге түсетін топтар жоқ. Себебі, 101 тобының сахнада жүргеніне 25 жыл. Бізбен бірге өскен өз тыңдарманымыз бар. Әрине қорқыныш болды, қанша дегенмен бүгінгі жастардың сұранысы мүлдем басқа.

Талай жылдық тарихы бар ұжымның тыңдарманға ұсынары бұл ғана емес! Өнер иелері, күллі Қазақстанды аралап, әр аймақта ән кешін өткізбек. Оған қоса, «101»-ліктер жанкүйерлері таңдаған трекке бейнебаян түсіреміз деп шешіпті.

«101» тобы:

-Болашаққа жоспар өте көп. Біріншіден, ол жаңа әндер және бейнебаяндар. Қысқасы, қызықтың бәрі әлі алда дегіміз келеді!