Айсұлтан Сейітов әлемге әйгілі «Yves Saint Laurent» брендінің бейнеролигінің режиссеры атанды! Желіде жарық көрген тың туынды бірден отандастарымыздың оң бағасын иеленді. Одан бөлек, жас талант шетелдік жарнаманы Qonyratbay Fam отандық инди-ұжымының әсем әуенімен әрлегенін байқауға болады.
Еске салсақ, Айсұлтан Сейітов бұған дейін талай ресейлік әнші мен Offset, 21 Savage сынды америкалық хип-хоп орындаушыларға режиссерлік еткен. Тіпті, оның қолынан шыққан «A Lot» бейнебаяны рэп бағытындағы туындылар арасынан «Грэмми» марапатын еншіледі.
Отандық киногерлерді де шетелде танылған жас өнерпаздың таланты тәнті етсе керек. Мәселен, Ақан Сатаев түсірілім алаңымды Айсұлтанмен қуана бөлісер едім деп отыр.
Ақан Сатаев, режиссер, продюсер:
- Айсұлтан өте дарынды режиссер. Мен оның бірнеше музыкалы бейнебаяынын тамашалап шықтым. Маған оның шығармашылығы ұнайды. Мүмікіндік туса, неліктен бірге жұмыс істемеске.
Сұхбаттарының бірінде Сейітов, фильм түсіру расымен де арманы екенін жеткізген болатын. Десе де, режиссер Асқар Ұзабаев креативті клиптері арқылы танылған Айсұлтанның киноға бет бұрмайытындығына сенімді.
Асқар Ұзабаев, режиссер:
- Сейітов? Ол өте мықты. Керемет клиптерді таспалап жүр. Меніңше, ол киноға бет бұрмайды.
«Ал, кино түсірген жағдайда, Сейітов керемет картинаның авторы атанатынына сенімдімін», - дейді Ұзабаев.